Пікір • 16 Шілде, 2020

Көксегеніміз – елдің амандығы

224 рет көрсетілді

Бүкіл әлемді жайлаған індет халқымыздың басына түскен үлкен сын болды. Карантин кезінде үйде отырған, алғы шепте күресіп жүрген батырларымызбен қалауымыз бір. «Халқымыз аман болса екен» деген жалғыз тілек.

Санымыз аз Қазақ елінің тарихта көрген, басына түскен ауырт­­палығы аз емес. Мына қиын­­дықтан да аман өту – бас­ты мақсатымыз. Халық пен билік арасындағы бірлік жарасып, «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаратын» кез болып тұр. Қан­шама мықты, біртуар азаматтар мен бауырларымыздан мезгілсіз айырылып отырмыз. Осының барлығы жүрекке қаяу түсіреді. Жалпы, біз қаза тапқан жанның жақындарының қасынан табылатын халықпыз ғой. Өкінішке қарай, қазір осы міндетімізді де орындай алмай отырмыз. Айналамызда жақын туыстардан, дос-жарандарымыздан айырылып отырған жайымыз бар. Билікте, бизнесте жүрген азаматтарды бар күш-жігерімізді біріктіріп, халық­қа көмектесуге шақырамын. Осы қиын кезде қол созбасақ, осы кезде елдігімізді көрсетпесек, біздің құнымыз көк тиын болмақ.

Бұл нәубет әр қазақтың есінде қалары сөзсіз. Індетпен күреске бар күшін арнаған, тіпті өз өмі­рін берген ақ халатты абзал жан­дардың ерлігі халық жүрегінде мәңгі сақталады. Осы кезде арсыз іске барған алыпсатарлар мен «жығылғанға жұдырық» болып ұрлық-қарлық жасағандар да өз жазасын алары сөзсіз. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдаған телевизиялық Үндеуінде де, Үкіметтің  кеңей­тілген отырысында да өзекті мәсе­леге қатысты нақты тапсыр­малар беріп, жақын арада шешуді тапсыр­ды. Осы орайда ел басқа­ратын азаматтың жанынан табылып, көмегімізді аямауымыз керек. Өйткені Мемлекет басшысының да көксегені – елдің амандығы. Сабырлық, салмақтылық танытып, парасаттылықпен қолдау біл­діруіміз керек. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Жақсы күндердің алда екеніне сенімім зор. Бастысы, еңсемізді түсірмей, қолымыздан келген істен аянбайық демекпін.

 

Нұрлан ДУЛАТБЕКОВ,

Парламент Мәжілісінің депутаты

Соңғы жаңалықтар

Жамбыл жылы жырлайды

Руханият • Кеше

Жұптық сында топ жарды

Спорт • Бүгін, 06:55

Алты медальмен оралды

Спорт • Бүгін, 06:52

«Металлургпен» бақ сынайды

Спорт • Бүгін, 06:51

Алғыс гимні шырқалды

Аймақтар • Бүгін, 06:48

Жас балуандар белдесуі

Спорт • Бүгін, 06:46

Қысқы триатлон жарысы өтті

Спорт • Бүгін, 06:44

Кітап-адамдар

Әдебиет • Бүгін, 06:38

Ректор эталоны

Руханият • Бүгін, 06:36

Өзгеге ұқсамайтын өмір

Руханият • Бүгін, 06:34

Абыз ақынды Анадолы ұлықтады

Әдебиет • Бүгін, 06:33

Көңілі дархан халық

Қоғам • Бүгін, 06:17

Жүрегіміз – Қазақстанда

Қоғам • Бүгін, 06:14

Бойымда қазақылық бар

Қоғам • Бүгін, 06:13

Бұл нағыз рухани камертон

Қоғам • Бүгін, 06:09

Аллаға шүкір еткеніміз...

Қоғам • Бүгін, 05:59

Ұқсас жаңалықтар