Аймақтар • 16 Шілде, 2020

Атырауда медицина қызметкерлеріне марапат тапсырылды

283 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Жарлығымен мемлекеттік марапат алғандардың қатарында қайтыс болған төрт медицина қызметкері бар.

Атырауда медицина қызметкерлеріне марапат тапсырылды

"Құрмет" орденімен облыстық №2 ауруханасының инфекционист дәрігері Жұмабек Дәулетов, Атырау облысы ауруханасының рентгенолог дəрігері Ғаділет Сұлтанғалиев, Атырау облыстық кардиологиялық орталығының хатшысы Папузина Елена Яковлевна, ІІІ дәрежелі "Барыс" орденімен облыстық  жедел жәрдем стансасының фельдшері Алмагүл Демесінова наградталды.

Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов марқұм болған медицина қызметкерлерінің наградаларын олардың туыстарына табыс етті. Сонымен бірге, қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, азаматтардың денсаулығын сақтаудағы жанқиярлық еңбегі үшін бірқатар дәрігерлер де мемлекеттік наградаларға ие болды.  
Г

үгінде  коронавируспен күресте алдыңғы қатарда қызмет етіп жүрген барша қайсар,  батыл қызметкерлеріміздің еңбегі еленіп жатқанына қуаныштымын. Бұл қиындықтыбір халық, бір қоғам болып еңсеріп шығатынымызға сенімдімін", - деді "Парасат" орденімен марапатталған облыстық медициналық жедел жәрдем станциясы директорының орынбасары Гүлнафис Рахметова.