Қоғам • 16 Шілде, 2020

Темірдей тәртіп пен шыдам қажет - Ерлан Дакенов

820 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Адам - әлемнің басты және абсолютті құндылығы.Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев карантин уақытын екі аптаға созды. Бұл халық мүддесі үшін жасалған таңдау екені белгілі, - деп жазады Egemen.kz

Темірдей тәртіп пен шыдам қажет - Ерлан Дакенов

Адамның басты байлығы - оның денсаулығы. Тұтас қоғамның, жақын адамдарымыздың тағдыры әрбір азаматтың жауапкершілігіне байланысты. Пандемия кезеңінде адам өміріне ерекше көңіл бөліп, сақтап қалу өте маңызды. Қазір адамдардың жаппай жиналуынан аулақ болу, әлеуметтік қашықтықты сақтау және қырағылықты жоғалтпау қажет.

Мен қазақстандықтардың коронавирусты жеңетініне сенемін, ал одан әрі біз бірге экономикалық дағдарысты да еңсереміз. Елордалық филармонияның әртістері концерттерге қайта жиналып, өнерден эстетикалық рахат алуға болатын күнді асыға күтеді. Бұл күн міндетті түрде келеді, бірақ бұл үшін бізге темірдей тәртіп пен шыдамдылық қажет.

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі

Мемлекеттік академиялық филармониясының

бас директоры Ерлан Ерғазыұлы Дакенов