Аймақтар • 16 Шілде, 2020

Атырауда жол апатынан төрт адам қайтыс болды

887 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін түнде "Атырау-Орал" тас жолында  "Toyota Camry" көлігі аударылып, оқиға орнында екі адам көз жұмды. Ал, жол-көлік апатынан алған жарақатпен ауруханаға түскен екі адам да бақилық болды.

Атырауда жол апатынан төрт адам қайтыс болды

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, қайғылы оқиғаның бүгін, 16 шілдедесағат 00:30 шамасында   "Атырау-Орал" тас жолының  Атырау қаласына кіреберісінде болғаны анықталып отыр.

"Көлікті 1999 жылы туған азамат   басқарған. Ол басқару жүйесін игере алмай, көлігін аударып алған. Жол-көлік оқиғасынан екі жолаушы оқиға орнында мерт болды. Көлік жүргізушісі мен бір жолаушы  облыстық аурухананың жансақтау бөлімшесінде көз жұмды. Қазіргі кезде  тағы бір жолаушы әр түрлі дене жарақатымен  аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр" -деп хабарлады баспасөз қызметінен.