Аймақтар • 16 Шілде, 2020

Атырауға Ресейден дәрігерлер келді

246 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қауіпті індеттің тіркелуінен алдыңғы орынға шыққан Атырауға жедел жәрдем беруге ресейліктер де бет бұрды. Бүгін мұнайлы өңірмен шекаралас орналасқан   Астрахан облысынан бес дәрігер көмекке келді.  

Атырауға Ресейден дәрігерлер келді

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпаратына қарағанда, облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов Астраханнан келген бес медицина қызметкерімен кездесті.

"Сіздерге және  Астрахан облысының губернаторы Игорь Бабушкинге ерекше алғысымды білдіргім келеді. Қазіргі уақытта біздің дәрігерлеріміз алдыңғы шепте аянбай еңбек етуде. Дегенмен, біразы қауіпті індетті жұқтырды, қалғаны індетпен күресу үстінде.  Атқарар жұмыс көп. Бізге  сіздердің тәжірбиелеріңіз,  білімдеріңіз бен біліктеріңіз қажет. Сондықтан,  бүгіннен бастап кірісетін жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін", - деді Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

Ресейлік дәрігерлер  жұқпалы ауруларға арналған блокта қауіпті індетті жұқтырған науқастарды емдеуге жұмылады. Алайда, облыстық денсаулық сақтау басқармасы  басшыларының айтуынша, Ресей дәрігерлері  облыстық кардиологиялық орталық пен инфекциялық стационарда жұмыс істейтіні көзделіп отыр. Олардың кейбірі   аудандарға жіберілуі мүмкін.

"Бізді өте жылы қабылдағандарыңызға рақмет. Толыққанды жұмыс жасауымыз үшін  барлық жағдай жасалған. Енді біз әріптестерімізге коронавируспен күресте көмектесу үшін бар күшімізді салуға тырысамыз. Қолдан келгеннің бәрін жасаймыз", - деді астрахандық дәрігер Анна Чепель.