Қазақстан • 16 Шілде, 2020

42 500 теңгені өтінішсіз алатын азаматтар тобы анықталды

5871 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл сұраққа Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов жауап берді, - деп хабарлайды Egemen.kz.

42 500 теңгені өтінішсіз алатын азаматтар тобы анықталды

"Өткенде 42 500 теңгені сәтті алған тұрғындарды сараптай келіп, жағдайы өзгермеді-ау деп болжаған кісілерге сұрау жіберіп жатырмыз. Сіз өткенде 42 500 теңге алдыңыз, бұл жолы да табысыңыздан айырылдыңыз ба деген СМС жібердік. "Иә" деген жауап келсе, сол тұрғынға еш өтінішсіз төлем тағайындау шарасын жасаймыз. Сондықтан, бүгін СМС алған кісілер табыстан айырылғаныңызды растаған болсаңыз, ертең жұма күні порталдарға өтініш берудің қажеті жоқ. Жай ғана өз мәртебеңізді тексерсеңіз, "Сіз үшін өтініш қабылданды" деп жазылып тұрады", - деді ол.

Сонымен қатар, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 42 500 теңге кімдерге берілмейтіндігі жайлы айтты.