Аймақтар • 17 Шілде, 2020

Шымкентте науқастардың азаюына байланысты 360 орындық күндізгі стационар жабылды

379 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкентте медициналық көмекке жүгінетін азаматтар санының азаюына байланысты жеңіл атлетика спорт кешеніндегі 360 орындық күндізгі стационар жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкентте науқастардың азаюына байланысты 360 орындық күндізгі стационар жабылды

Шымкентте медициналық көмекке жүгінетін науқастар санының азаюына байланысты спорт кешенінде жасақталған 360 орындық күндізгі стационар жабылды.

Орталық пневмония дерті асқынған кезеңде екі аптадай жұмыс істеді. Алғашқы күндері осында 500-ден 700-ге дейін науқас ем алды.

Тұрғындар күндізгі стационарда тегін дәрі-дәрмекпен қамтылып, екпе салдырды. Науқастарға 10 дәрігер мен 40-тан астам медбике көмек көрсетті. Соңғы бес күн ішінде орталыққа небәрі 25 адам келген. Яғни әр емханадан екі-үш емделуші ғана келіп, ем-дом қабылдаған.

Бүгінде спорт кешенінде тиісті дезинфекциялық тазарту жұмыстары жүргізіліп, ондағы бірқатар жабдықтар емханаларға берілді.

Айта кетейік, жұмыс кестесіне сәйкес күніне сағат 08:00-20:00 аралығында қаланың барлық емханаларынан келген 50-ден астам медицина қызметкерлері медициналық көмек көрсетті.