Ысқақ Егембердиев 1983 жылы дүниеге келген. Білімі – жоғары. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің түлегі. 2005-2007 жылдары аталған университеттен журналистика магистрі біліктілігімен академиялық дәрежесін алды.
Еңбек жолын 2000 жылы Қарағанды облысы, Жезқазған қалалық "Сарыарқа", "Мысты өңір" газеттерінде тілшісінен бастады. 2003-2004 жылдары "Қазақ университеті", "Жас Алаш"" газеттерінің тілшісі болды. 2005-2019 жылдары "Хабар" агенттігінде сценарист, редактор, шеф-редактор, продюсер, жоба жетекшісі ретінде шыңдалды.
2019 жылдың сәуірінен бері "Атырау-Ақпарат" ЖШС директорының орынбасары болып жұмыс істеді.
"Атырау-Ақпарат" медиахолдингі – екі облыстық, жетіаудандық газетті, 11 сайт пен баспахананы біріктірген үлкен құрылым. Мұнда дәстүрлі журналистикамен бірге, интернет-медианы да дамыту қолға алынған.