Қазақстан • 17 Шілде, 2020

Қазақстанда құрылыс жүргізуді ұйымдастырудың "бір терезе" жүйесі қалыптасуда

229 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазіргі уақытта "бір терезе" қағидаты бойынша құрылыс жүргізуді ұйымдастыру үшін портал мен ақпараттық жүйелерді жүргізу тәртібін анықтайтын ереже әзірленді.

Қазақстанда құрылыс жүргізуді ұйымдастырудың "бір терезе" жүйесі қалыптасуда

Бұл жаңашылдық салынып жатқан объектілердің барлық құжаттамасын электронды форматта жүргізу және құрылыс рәсімдерін автоматтандыруды реттеуге арналған. Қазіргі уақытта "Е-Құрылыс" бірыңғай ақпараттық жүйесін енгізу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр, алдағы уқытта ол құрылыс саласының барлық субъектілері үшін бірыңғай онлайн платформаға айналмақ.

Бірыңғай жүйені енгізу одан әрі түзету мүмкіндігінсіз тікелей жүйеде қажетті атқарушы техникалық құжаттарды қалыптастыру жолымен қағаз құжат айналымын едәуір қысқартуға мүмкіндік береді, бұл да құрылыс процестерінің ашықтығын арттырады.

"Бір терезе" қағидаты бойынша құрылыс жүргізуді ұйымдастыру үшін портал мен ақпараттық жүйелерді жүргізу тәртібін айқындайтын қағидаларды бекіту мақсатында, Министрлік құрылыс жүргізуді ұйымдастыру үшін портал мен ақпараттық жүйелерді жүргізу тәртібін айқындайтын қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрық жобасын әзірледі. Ол "e-gov" ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2020 жылдың 14 шілдесінен бастап орналастырылған және келесі сілтеме бойынша қол жетімді https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=4360794.

Естеріңізге сала кетейік, "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-климатты жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заңымен аталған ережелерді әзірлеу және бекіту бойынша құзырет белгіленген.