Аймақтар • 18 Шілде, 2020

Балаларды су бұрқақтарға шомылуға жібермеңіздер

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өңір тұрғындары карантинге байланысты жағажайлардың қызметіне тыйым салынғанына қарамастан, су айдындарында, оның ішінде тыйым салынған жерлерде шомылуды жалғастыруда, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Балаларды су бұрқақтарға шомылуға жібермеңіздер

Суретті түсірген: Айбек Жұматов

Сондықтан, департамент жергілікті әкімдік өкілдерімен бірлесіп, мониторингтік топтың құрамында тұрғындарға жағажайларында күн сайын рейд жүргізуде. Мониторинг топтың құрамындағы жергілікті полиция қызметі, қалалық білім беру бөлімінің, көліктік бақылау инспекциясының және тауарлардың және қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау өңірлік департаментінің өкілдері ата-аналарды жазғы демалыс кезінде балалардың бос уақытын бақылауға алуға, оларды жағажайға, сондай-ақ, субұрқақтарда шомылуға жібермеуге шақыруда.

Ал, қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы судағы оқыс оқиғалардың алдын-алуды ескертеді.

"Біз "Ауа райын бақылау" орталығынана 17-18 шілде күндері облысының аумағында  36-38 градусқа ыстық болатыны туралы хабар алдық", - деді басқарма басшысы қызметін уақытша атқарушы Қайрат Бертыбаев.

Жалпы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау мәселесі бойынша бір аптада 1227 рейд жүргізген.

1

Рейдке 3484 адам қатысты, оның ішінде ТЖ басқармалары мен бөлімдерінің қызметкерлері, облыстық ТЖД "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ-ің жедел-құтқару жасағы, жергілікті полиция қызметі, білім басқармалары мен бөлімдері, ювеналды полиция, волонтерлік ұйымдардың өкілдері де бар.

Рейд кезінде олар судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы 8004 жадынама таратты. Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері 188 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартқан.

 

Павлодар облысы