Кеншілер астанасына Ресейдің Нижний Новгород қаласынан коронавирус инфекциясын, пневмонияны және басқа да бірқатар аурулардыемдеуге арналған дәрі-дәрмектің мол партиясы жеткізілді, – деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл іс-шара Қарағанды облысының әкімдігі және "Қазақмыс" корпорациясының қолдауымен ұйымдастырылды. Медициналық препараттардың жалпы салмағы 17 ноннаны құрайды. Дәрілердің жартысы – 8,5 тоннасы Қарағанды облысынаарналған. Жүктің қалған бөлігі Павлодар және Нұр-Сұлтан қалаларына жөнелтіледі.
Айта кету керек, бұл гуманитарлық көмек емес, дәрі-дәрмек дәріхана желілерінің дистрибьюторлары арқылы сатып алынған. Ал облыстық әкімдік болса, препараттарды сатып алу және енгізу процедураларын жеңілдетуге және логистика жөніндегі мәселелерді шешуге қолдау көрсетті.
Бүгінгі күнде өте қажетті цефтриаксон, реамберин, клексан, преднизолон, циклоферон, азитромицин және ыстықты басатын дәрілер сынды препараттар стационарлар мен дәріханаларғатаратылатын болады.
Жақын арада дәрі-дәрмек Қарағанды облысының дәріхана сөрелеріне және қалалар мен аудандардың стационарларына жеткізіледі. Бұдан бөлек, өңірге 700 мың қаптама шамасында парацетамол да әкелінбекші.
Қазіргі таңда өңір тұрғындарының қажеттілігін өтеуге арналған дәрі-дәрмекті жеткізу бойынша жұмыстардың жалғасын табуы облыс басшылығы тарапынан жіті бақылауға алынған.
Түркияда тікұшақ апатқа ұшырады
Әлем • Бүгін, 23:55
Хоккей • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
«Құрманжан датқа» қандай фильм?
Руханият • Кеше
Балуандарымыз Римдегі жарысты тамаша бастады
Күрес • Кеше
Қостанай облысында кеніш жүк көліктерін әйелдер жүргізеді
Аймақтар • Кеше
Тәуелсіздік көшесінің тұрғындары тізеден балшық кешіп жүр
Аймақтар • Кеше
Түркістан облысында 30 млн дана тал егіледі
Аймақтар • Кеше
«Париж-Ницца» көпкүндігіне қатысады
Спорт • Кеше
Теннис • Кеше
Теңге тұрақты: Баға неге өсе береді?
Қаржы • Кеше
Президент Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 14-саммитіне қатысты
Президент • Кеше
Сенаторлар ТМД ПАА іс-шараларына қатысты
Қазақстан • Кеше
Түлектер күнінің дайындығы талқыға түсті
Білім • Кеше
Еділ суын алуға қосымша қаражат қарастырылады
Үкімет • Кеше
Ұқсас жаңалықтар