Экология • 20 Шілде, 2020

Жамбыл облысында екі ірі табиғи өрт ауыздықталды

570 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

18 шілде сағат 9:36-да Мойынқұм ауданының Мойынқұм ауылынан 180 шақырымда, Қарабөгет ауылынан 50 шақырым қашықтықта "Орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі Мойынқұм мекемесі" КММ аумағында құмды жерде алдын ала мәлімет бойынша 10 мың га аумақта құрғақ шөп пен сексеуіл жанған, деп хабарлайды Egemen.kz

Жамбыл облысында екі ірі табиғи өрт ауыздықталды

Өртті ауыздықтауға 219 адам, 51 бірлік техника және 1 тікұшақ жұмылдырылды, олар ТЖД, "Орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі Мойынқұм, Байзақ, Меркі және Жуалы мекемелері" КММ, Мойынқұм ауданының ерікті өртке қарсы құрылымдары, "Қазавиаорманқорғау" РМК күштері мен құралдары.

19 шілде сағат 13:00-де Т.Рысқұлов ауданы Құлан ауылынан 100 шақырым жерде, Луговой орман шаруашылығының аумағында, құмды жерде құрғақ шөптің жануы орын алып, Мерке ауданы Сарықоба орманшылығы аумағына өтіп, алдын ала мәлімет бойынша 8 мың га аумақта өрт шықты. Сағат 10:20-да өрт ауыздықталды.

Өртті сөндіруге ТЖД, ЕӨҚҚ, "Меркі орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі" КММ, "Луговое орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі" КММ 177 адам мен 35 бірлік техника құрамында күштері мен құралдары тартылды.

Сонымен қатар, өткен тәулікте Алматы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, облыстарында құрғақ шөптің жануы жойылды. Өртті ауыздықтауға ТЖД, ерікті өрт сөндіру құрылымдарының, орман шаруашылықтарының күштері мен құралдары жұмылдырылды.