Аймақтар • 20 Шілде, 2020

Кентаулық суретшінің қаланы көркейтуге қосқан үлесі

139 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кентау қаласында көп қабатты тұрғын үйлердің сыртқы қабырғасына қазақтың ұлы тұлғаларының бейнесі салынуда. Алғашқы мурал - қоғам қайраткері, жазушы Сәкен Сейфуллиннің бейнесі алыстан менмұндалайды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Кентаулық суретшінің қаланы көркейтуге қосқан үлесі

Алдағы уақытта дәл осындай қарқында бірнеше көпқабатты тұрғын үйге тарихи тұлғалар бейнесін салу жоспарлануда. Қоғам қайраткерінің бейнесін айнытпай салған жас суретші Әли Рысымбетов туған қаласының көркеюіне өз үлесін осылайша қосуда. Тұрғын үйлердің қасбетіне көрік беру жұмыстарын "Құрылыс Кентау" ЖШС қолға алған.