Айғақты зат ретінде алынып, сараптамаға жіберілген құстар кезқұйрық және жағалтай болып шықты. Полиция қызметкерлерінің хабарлауынша, аталған жайт ҚР ӘҚБтК-нің 389-бабы “Жабайы жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз иемдену, өткізу, алып өту, әкелу, әкету, сақтау (ұстау)” бойынша тіркеліп, әкімшілік хаттама толтырылған. Жинақталған іс-құжаттары шешім шығарылу үшін сотқа жолданады.
Тәртіп сақшылары осы баптың санкцияларына сәйкес жабайы жануарлар, өсімдіктердің түрлері мен олардың өнімдері тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынатынын ескертеді.
Түркістан облысы