Елорда • 21 Шілде, 2020

Елорда әуежайында 12 шақырым ауа арнасы залалсыздандырылды

243 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жолаушылар мен қызметкерлердің денсаулығын қорғау мақсатында елорда әуежайының Т2 терминалы ғимаратында (жергілікті рейстерге арналған) 12 000 метр ауа арнасы тазартылып, залалсыздандырылды. Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі хабарлайды, деп жазады Egemen.kz

Елорда әуежайында 12 шақырым ауа арнасы залалсыздандырылды

Маусым айының ортасында басталған тазарту және залалсыздандыру жұмыстарын тамыз айында аяқтау жоспарланып отыр. Бұл процедура жүйелі негізде 3 жылда 1 рет жүргізіліп тұрады. "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ Басқарма төрағасы Ғабит Тәжімұратов атап өткендей, әуежай әкімшілігі әуеайлақ аумағында жолаушылар мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кешенді жұмыстар жүргізіп жатыр.

Ауа баптау және ауа желдету жүйелері залалсыздандырылып, жолаушылар мен қызметкерлер таза ауамен тыныстайды. Астананың әуе қақпасы арқылы 2020 жылдың маусым айының өзінде 220 мыңға жуық жолаушы өткенін ескерсек, мұндай жұмыстардың маңызы өте зор.

Ауа баптау және желдету жүйелерін жоспарлы тазалау нәтижесінде:

- Желдету жабдығының жұмыс қуаты 25-45%-ға артады;

- Қызметкерлердің ауырып қалу ықтималдығы 30%-ға төмендейді (ДДҰ деректері бойынша);

- Өрт және басқа да шұғыл жағдайлар туындау ықтималдығы азаяды.

Ғимараттың желдету жүйесін тазалау үшін сертификаттаудан өткен және барлық рұқсат құжаты бар жергілікті компанияның мамандары тартылып, арнайы жабдықтар мен арнайы сұйықтықтарды пайдаланады. Барлық қолданылатын заттар адам денсаулығына зиянсыз және иісі жоқ.