Шілденің 17-сі мен 20-сы аралығында азаматтардың төлем жасау туралы 13 414 өтініші қабылданды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлайды, деп жазады Egemen.kz

Бүгін брифингте Нұр-Сұлтан қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы бастығының орынбасары Бақтияр Гарифуллин төтенше жағдай кезеңіне біржолғы төлем жасау тәртібін түсіндірді.
"Бір реттік төлем қызметкерлерге, азаматтық-құқықтық келісім-шарт бойынша жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлерге, жеке практикамен айналысатын тұлғаларға, бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерге бір минималды жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде белгіленеді және 2020 жылдың шілдесінде қалада бас санитарлық дәрігер белгілеген шектеу шараларының енгізілуіне байланысты толық кірісінен айрылғандарға бір рет қана төленеді", деді Б.Гарифуллин.
Оның айтуынша, екінші деңгейлі банктердің қызметкерлерін, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметкерлерін және олармен аффилиирленген заңды тұлғаларды, мемлекеттік заңды тұлғаларды (шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлерін қоспағанда), сондай-ақ акцияларының және жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің жүз пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды қоспағанда, ақысыз еңбек демалысында жүрген қызметкерлерге әлеуметтік төлемдер төленеді.
Бір реттік төлемді алу критерийлері белгіленді: жұмыс берушінің, жеке кәсіпкердің және жеке практикамен айналысатын тұлғаның қызметі – қатаң шектеулі карантин шараларын енгізуге байланысты қызметті шектеу (тоқтата тұру); заңды тұлғаларға қызмет көрсететін, азаматтық-құқықтық келісім-шарттар бойынша жұмыс істейтіндер үшін – заңды тұлғалардың (заңды тұлғаның) қызметін шектеу (тоқтата тұру) және қатаң шектеулі карантин шараларының енгізілуіне байланысты қызметтерді ұсынудың мүмкін еместігі; жеке тұлғаларға қызмет көрсететін, азаматтық-құқықтық келісім-шарттар бойынша жұмыс істейтіндер үшін – үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығында міндетті зейнетақы жарналарының болуы; БЖТ төлеушілері үшін (бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер) – үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығында әлеуметтік сақтандыру жарналарын төлеуі.
"Бір реттік төлем шектеу шараларын енгізу нәтижесінде кірісін толықтай жоғалту фактісі жоқ адамдарға тағайындалмайды, оның ішінде: егер жұмыс берушінің, жеке кәсіпкердің, жеке кәсіпкердің немесе азаматтық-құқықтық келісім-шарттар жасалған заңды тұлғаның қызметі шектеу шараларын қолданумен шектелмесе; жалақысы сақталмайтын еңбек демалысын қоспағанда, жыл сайынғы ақылы еңбек немесе әлеуметтік демалыста жүрген адамдар; еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақытының азаюына байланысты жұмыстан босатылған; үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығында БЖТ төлеу фактісі жоқ БЖТ төлеушілеріне; үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығында міндетті зейнетақы жарналары түспеген азаматтық-құқықтық келісімшарттар бойынша жұмыстарды орындаудан (қызметтер көрсетуден) кіріс алатын жеке тұлғалар.
Сондай-ақ зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік жәрдемақыларды, атаулы әлеуметтік көмек алушыларға, қордан төленетін әлеуметтік төлемдерді алушыларға, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен қамтылған адамдарға және бірінші рет шектеу шаралары кезеңінде БЖТ төлеген "Халықты жұмыспен қамту туралы" заңға сәйкес жұмыс күшіне кірмейтін адамдарға; қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде мемлекет тарапынан толық қолдау көрсетілетін адамдарға; сондай-ақ бір реттік төлем алушының жоғалған кірісі қалпына келтірілген жағдайда", деді Б.Гарифуллин.
Өтінімді келесі арналар арқылы беруге болады: "Электронды үкіметтің" веб-порталы – egov.kz; 42500.enbek.kz порталы; telegram боттары; 42500.enbek.kz Aitu мессенджеріндегі қосымшасы; екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары мен интернет-ресурстары. 2020 жылдың наурызынан бастап халықты жұмыспен қамту мәселелерінің қалалық штабы жұмыс істейді. Штаб жұмысының айрықша құзіреті – Нұр-Сұлтан қаласы бойынша бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің бұйрығына сәйкес қызметін шектеудің сенімділігі негізінде қызметкерге аталған әлеуметтік қолдау көрсету туралы алқалы қорытынды жасау.
Сонымен бірге өтініш берушіге жалған ақпарат пен жалған (жасанды) құжаттарды ұсынғаны үшін жауапкершілік туралы ескертілді. Әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу механизмі келесідей. Өтініштер қалалық штабтың қарауына беріледі: жұмыскерлері бар тұлғалар үшін – жұмыс беруші мыналарды көрсете отырып, өтінім береді – электронды пошта мекенжайын, телефон нөмірлерін, ЖСН көрсете отырып қызметкерлердің тізімін, олардың жалақысы сақталмайтын демалыста болу туралы мәліметтерін (демалыстың басталу және аяқталу күнін), қызметкердің ұялы телефон нөмірі, қызметкердің, жеке кәсіпкердің банктік деректемелері – өтінім банк шоты, телефон нөмірі туралы ақпаратты көрсете отырып, дербес беріледі.
Мемлекеттік корпорацияға өтінімдер: БЖТ, азаматтық-құқықтық келісім-шарттар бойынша жұмыс істейтін адамдар үшін – өтініш жеке/заңды тұлғамен жасалған жұмыстарды (қызметтерді көрсетуді) орындауға арналған азаматтық-құқықтық келісім-шарттарының нөмірі мен күнін көрсете отырып, банктік шоты туралы ақпаратты ұсынады. Қалалық штаб тіркелген күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде жұмыс берушінің оның қызметіне шектеулердің негізділігі туралы өтініштерін қарайды және қорытынды шығарады, содан кейін құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға береді.
Мемлекеттік корпорация бір жұмыс күні ішінде әр қызметкер үшін жеке істің электронды үлгісін қалыптастырады және оны Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының филиалына жібереді. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік төлемдерді тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Шілденің 17-сі мен 20-сы аралығында елордаға шілде айына 42 500 теңге мөлшерінде бір реттік әлеуметтік төлемді төлеуге 13 414 өтініш келіп түсті. Сондай-ақ, 52 708 өтініш проактивті форматта қабылданды, олар төлемдер үшін Мемлекеттік корпорацияға берілді. Байланыс орталығының нөмірлері: 55-14-74, 55-14-87, 55-67-12.
Құрғақ уәде «құрғақшылықтан» құтқармайды
Аймақтар • Кеше
Руханият • Кеше
Бір қызық қансонарда түлкі аулаған...
Қоғам • Кеше
Елбасы • Кеше
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да «Парасат жолы» орталығы ашылды
Аймақтар • Кеше
Сақтандыру нарығының ахуалы қандай?
Қоғам • Кеше
Бейбіт Атамқұлов Италия елшісімен кездесті
Қоғам • Кеше
Өскемен гарнизонында шаңғы тебуден жарыс өтті
Спорт • Кеше
Ақтөбе облысында 10 мектепке күрделі жөндеу жүргізіледі
Аймақтар • Кеше
Зейнетке ерте шығудың мүмкіндіктері айтылды
Қоғам • Кеше
Мұрат Әйтенов вакцинаның екінші компонентін салдырды
Аймақтар • Кеше
Бақытжан Сағынтаев Францияның бизнес-қауымдастығымен кездесті
Аймақтар • Кеше
Криштиану Роналду әлем рекордын жаңартты
Әлем • Кеше
Алматы облысында заңсыз балық аулаған екі адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Шымкент әкімі тұрғындардың шағымына жауап берді
Аймақтар • Кеше
Атырауда 500 орындық мешіттің іргетасы қаланды
Аймақтар • Кеше
Қазақстан мен Германия «жасыл экономиканы» бірлесіп дамуға ниетті
Экономика • Кеше
Батыс Қазақстанда иіс тиген 14 адам ауруханаға жеткізілді
Аймақтар • Кеше
Түркістанда «Ұлы Жеңіске – 75 жыл» кітабының тұсауы кесілді
Әдебиет • Кеше
СҚО-да үсік шалған 5 адамның жағдайы ауыр
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Мәдениет және спорт министрлігі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Су тапшылығы мәселелері талқыланды
Аймақтар • Кеше
Алматыда су тасқыны кезеңіне дайындық барысы хабарланды
Аймақтар • Кеше
Елордада қылмыс саны 30%-ға азайды
Елорда • Кеше
«Теңізшевройл» пандемия кезінде Қазақстанға қандай көмек берді?
Аймақтар • Кеше
Шығыс Қазақстанда «Парасат жолы» орталығы ашылды
Аймақтар • Кеше
Елорда • Кеше
Қазақстанда «Спутник-V» вакцинасынан жағымсыз реакция тіркелген бе?
Қазақстан • Кеше
65 жастан асқан адамдарды вакцинациялауға рұқсат берілді
Коронавирус • Кеше
Ерлан Қиясов вакцинациялаудан кейінгі қорғаныш әсер жайында айтты
Коронавирус • Кеше
Павлодар облысында су тасқыны кезеңіне дайындық жүріп жатыр
Аймақтар • Кеше
Мұрат Әйтенов: Шымкенттің әр екінші тұрғыны тәуелсіздік тумасы
Аймақтар • Кеше
26 ақпанда Үкімет отырысы өтеді
Үкімет • Кеше
Атырауда бір күнде 43 адам жарақат алды
Аймақтар • Кеше
Түрмеге келген сәлемдеме арасынан есірткі шықты
Аймақтар • Кеше
Сервистік әкімдік ауылдарға да жетті
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Аида Балаева Сума Чакрабартимен кездесті
Қоғам • Кеше
Конькимен жүгіру спорты бойынша ел үздіктері анықталды
Қысқы спорт • Кеше
Алаяқтар Instagram-да жүргізуші куәлігін сатуда
Қоғам • Кеше
Шымкентте 2021 жылы 109 көше жөнделеді
Аймақтар • Кеше
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Батыс Қазақстанда 1549 абонент жарықсыз қалды
Аймақтар • Кеше
Шымкент: 2021 жылы 41 шақырым жылу құбырына жөндеу жүргізіледі
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар