Аймақтар • 21 Шілде, 2020

Солтүстікте аз қамтылған отбасылар компьютерге қол жеткізеді

315 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық әкімдіктің отырысында жаңа оқу жылына дайындықтың барысы пысықталды. Барлығы 80 мыңға жуық оқушының ауылдық жерлердегі 14 мыңдайы парталарға отырады. Қалғаны, бұл – 81 пайыз, екі тоқсан бойы былтырғы жылдың соңғы тоқсанындағыдай қашықтан оқитын болады, деп хабарлайды Egemen.kz

Солтүстікте аз қамтылған отбасылар компьютерге қол жеткізеді

Облыс әкімдігінде болған отырыста СҚО әкімі Құмар Ақсақалов барлық аудандық әкімдіктер мектепке баратын балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керектігін тапсырды.

"Қазір барлық аудандық әкімдіктерде үнемдеудің арқасында қосымша қаражаттар пайда болды. Солардың есебінен бетперделер, ансептиктер, дозаторлар, тепловизорлар сатып алынып, мектептер мұндайлармен толық қамтамасыз етілсін. Басқа басымды емес шығыстар азайтылсын. Бәрінен де балалардың денсаулығы қымбат", деді ол өзінің сөзінде.

Сонымен бірге әкім барлық мектептердің кең жолақты Интернетпен қамтамасыз етілуін тапсырды. Биыл мектептерге 1000 компьютер алу жоспарланған, қазірдің өзінде 580 сатып алынды. Әкім қазір аз қамтылған отбасыларының тізімдерін жасап, оларға компьютерлер беруді тапсырды.

Сонымен бірге әкім мектептердің автокөлікпен қамтамасыз етілуіне назар аударды. Биыл мектептер 24 жаңа микроавтобустар алған, оқу жылы басталғанға дейін тағы 19 данасы жеткізілмекші. Сондай-ақ мектептерді бейнебақылаумен қамтамасыз етуге 259 млн теңге қарастырылғаны айтылды.

Кадр мәселесі де талқыланды. Қазір облыста кадр жетіспеушілігі еңсерілгені белгілі болды. Соңғы 3 жылда мектептерге 1390 жас мұғалімдер жіберілген. Биыл тағы 315 маман мектептерге барғалы отыр.

 

Солтүстік Қазақстан облысы