Аймақтар • 22 Шілде, 2020

Шымкентте 195-орамдағы инфрақұрылым мәселесі жыл соңына дейін толығымен шешіледі

207 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласындағы Бадам шағын ауданына қарасты 195-орам тұрғындары  биыл толығымен ауыз су мен көгілдір отынға және электр жарығымен қамтамасыз етілетін болады. Аталған шағын ауданның тұрғындарымен кездескен Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов осылай деді, - деп жазады Egemen.kz

Шымкентте 195-орамдағы инфрақұрылым мәселесі жыл соңына дейін толығымен шешіледі

Кездесу барысында аудан әкімі барлық инфрақұрылым жұмыстары аяқталған соң асфалть жол төселіп, қоғамдық көлікте қатынайтынын жеткізді. Сондай-ақ, ол алдағы уақытта мектеп пен балабақша салынатынын да атап өтті.

Бұған дейін 195-орамдағы 300-ге жуық отбасы суды тасымалдап пайдаланып келген  болса,  жеке меншік  қуат реттегіштен қымбат энергия жарығын алып келген.

Мамыр айында басталған құрылыс жұмыстары тоқтаусыз жүріп жатыр. Жауапты мердігер компания "Жәнібек Айдос" ЖШС-нің прорабы Теңел Жақсымұратов нысанды қараша айында тапсырамыз деп отыр.