Аймақтар • 22 Шілде, 2020

Жамбыл облысында мұқтаж отбасыларға дәрі-дәрмектер таратылуда

397 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысында мұқтаж отбасыларға пневмония мен коронавирусқа қарсы дәрі-дәрмектер таратылуда. Тұрғындарға қажетті мыңнан астам медициналық пакет қамтылған. Аталған акция емханаларға бекітілген әлеуметтік қорғалмаған топтардың азаматтарын қолдауға бағытталған, - деп жазады Egemen.kz

Жамбыл облысында мұқтаж отбасыларға дәрі-дәрмектер таратылуда

Сонымен қатар, Тараз қаласы әкімдігінің қолдауымен және "Супер-Фарм" жергілікті кәсіпорнының қаржыландыруымен Тараздағы 9 емханаға 560 дәрі-дәрмек пакеті жеткізілді. Бір ғана №5 емханаға жеткізілген дәрі-дәрмектің жалпы құны 27 миллион теңгені құрайды. Жеткізілген дәрі-дәрмектер қатарында ксарелто, осельтамивир акрихин, зитрокс секілді қымбат препараттар да бар. олардың кейбірінің бағасы 7 мың теңгеден басталады. Сондай-ақ, таратылған пакеттерде шприцтер, системалар, спирттік сүлгілер, коронавирус инфекциясы мен пневмонияны емдеуге арналған антибиотиктер, дәрумендер, антипиретикалық және қабынуға қарсы дәрілер бар. Бір пакет бір апталық емдеу курсына арналған. Өзіндік құны бойынша бағасы 7 825 теңгені құрайды.

"Бізге облыстық денсаулық сақтау басқармасынан қоңырау шалып, дәрі-дәрмек алу үшін "Супер-Фарм" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне бару керектігін айтты. Бұл біз үшін өте жағымды жаңалық болды. Өткен жылы күндізгі стационарларды қаржыландыру жұмыстары басталған кезде алдымызда қауіпті індет күтіп тұр деп ешкім де ойлаған жоқ. Сондықтан да осындай маңызды көмектің уақытылы көрсетілгені қуантады", дейді №1 Тараз қалалық емхананың провизоры Ұлтай Құдиярова. Сонымен қатар, "Тараз" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" мекемесі және "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасының қолдауымен облыс аудандарының тұрғындары үшін қосымша 520 дәрі-дәрмек пакеті сатып алынған.

 

Жамбыл облысы