Қазіргі уақытта Швецияның батысындағы жағажайлар, пирстар мен мейрамхана, барлар мен дәмханалар демалушыларға толы көрінеді.
Жылда осы мезгілде бұл жағалауларда адамдардың қайнап жатуы үйреншікті жағдай болғанымен, қазіргідей пандемия кезінде мұның елдегі эпидемиологиялық ахуалға кері әсері тимей ме деген қауіп жоқ емес дейді швециялық тағы бір басылым "Expressen" газеті.