Аймақтар • 23 Шілде, 2020

Атырауда Жайыққа шоқырдың шабағын жіберді

861 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көктемгі балық аулау маусымында Атырау бекіре шабағын өсіру зауытының мамандары жасанды тоғандарда шоқырдың 3 млн 658 мың шабағын өсірген еді, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда Жайыққа шоқырдың шабағын жіберді

Шоқыр шабақтарын су айдынына жіберуді Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы жанынан құрылған арнайы комиися мүшелері бақылады.

Зауыт директоры Рашидин Қалидуллиннің айтуына қарағанда, биылғы көктемде зауыт пен өндірістік кооперативтердің балықшылары бағалы бекіре тұқымдас балықтар тобына жататын шоқырдың 103 данасын ауланыпты.   Оның ішінде 42 аналық, 61 аталық балық бар.

"Біздің мақсатымыз –Жайық-Каспий су бассейніне бекіре тұқымдас балықтар шабағын жіберу. Сол себептен, шоқыр балықтарынан жасанды жолмен  60 келі қара уылдырық  алынды. Осы мақсатта ауланған шоқырдың бәрін Каспий теңізіне жібердік. Ал, бүгін Жайық өзеніне жіберілген шабақтар да Каспий теңізіне жетеді. Шабақтардың салмағы 5-14 грамм аралығын құрады", - дейді Рашидин Қалидуллин.

1