Материалдар қосымша тергеу үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне, сондай-ақ полиция департаментіне жіберіледі. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлайды, деп жазады Egemen.kz

Бүгін қалалық мәслихат депутаты Мирас Шекенов, Нұр-Сұлтан әкімдігінің "Астана - адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің өкілдері, Nur Otan партиясының қалалық филиалы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті, сондай-ақ қалалық жастар саясаты басқармасының еріктілерінен тұратын арнайы мониторинг тобы дәрі-дәрмек бағасының негізсіз қымбаттауы, сондай-ақ рецептсіз сатылуы депектері бойынша дәріханаларға кезекті мониторинг жүргізді.
"Дәріханаларды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жақсаруда. Бірақ сұранысқа ие бірқатар дәрі-дәрмектер бойынша мәселелер бар. Көптеген провизорлар мен фармацевттердің шағымдары бойынша көтерме жеткізушілер мен дистрибьюторлар бірқатар дәрі-дәрмекті шекті бағасынан қымбатқа сатуда. Сондықтан, біз келесі мониторингті ірі жеткізушілерге, олардың дәріханаларға сату кезіндегі көтерме бағаларын шекті бағалармен салыстыра отырып жүргіземіз. Осыған байланысты кейбір дәріханалар қазіргі уақытта сұранысқа ие дәрі-дәрмектерді сатып алудан бас тартуда", – дейді қалалық мәслихат депутаты Мирас Шекенов.
"Біз төрт дәріхананы араладық, олардың екеуінде антибиотиктерді рецептсіз сату фактісін анықтадық. Тағы бір дәріханада шекті бағадан қымбастқа сату фактісі тіркелді: "Гепарин" препараты бір ампула үшін үш мың теңгеден сатылған, өз бағасы – 500 теңге", – деді Нұр-Сұлтан әкімдігінің "Астана - адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің үйлестірушісі Сәуле Бисембаева.
Материалдар қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне, сондай-ақ одан әрі тексеру үшін полиция департаментіне жіберіледі. С.Бисембаеваның айтуынша, қазіргі уақытта елорда тұрғындарынан дәрі-дәрмектердің қымбаттауына қатысты 40-тан астам өтініш түскен. Хабарланғандай, Нұр-Сұлтанда дәрі-дәрмек бағасын негізсіз көтергендермен күрес күшейді. Дәрі-дәрмектің бағасы қымбаттағаны анықталса, азаматтар іKOMEK 109 бірыңғай байланыс орталығына, сондай-ақ +7 775 160 55 32 WhatsApp нөміріне хабарлама жіберуіне болады.
Сонымен қатар дәрі-дәрмектердің шекті бағасын dari.kz қосымшасы арқылы, ndda.kz ресми сайтынан немесе adilet.zan.kz сілтемесі арқылы ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен тексеруге болады. Үкімет пен елорда әкімдігі дәрі-дәрмектерді сатып алу мен әкелу рәсімдерін жеңілдету, логистика бойынша қолдау көрсетуде. Сонымен бірге, қалалық прокуратура, полиция департаменттері, мемлекеттік кірістер, экономикалық тергеу, фармацевтикалық бақылау қызметкерлерінен тұратын мобильді топ дәрі-дәрмекпен алыпсатарлық фактілерін болдырмау үшін күнделікті жұмыс істейді. Атап айтқанда, I-teka қосымшасын қолдана отырып, әлеуметтік желілердегі (Instagram, Facebook, telegram, WhatsApp) хабарламаларды зерделеу арқылы бағалар үнемі қадағаланады.

Қостанай облысы денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы келді
Тағайындау • Бүгін, 15:08
Алматыда есірткі тасымалының жолы кесілді
Аймақтар • Бүгін, 14:55
«Каспий» ӘКК тиімсіз жобаларды қаржыландырған
ANTIKOR • Бүгін, 14:43
Ертең магистратура грантына құжат қабылдау басталады
Білім • Бүгін, 14:30
Атырау облысы әкімінің жаңа орынбасарлары тағайындалды
Аймақтар • Бүгін, 14:22
Хаменова өз кінәсін мойындаған жоқ
Қоғам • Бүгін, 14:16
ШҚО-да Тарбағатай ауданына жаңа әкім тағайындалды
Аймақтар • Бүгін, 14:10
Қазақстанда жылқы еті қымбаттады
Қоғам • Бүгін, 14:02
Бақытгүл Хаменованың ісіне қатысты сот отырысы басталды
Қоғам • Бүгін, 13:42
Мемлекет басшысы Жоғарғы Сот төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 13:29
«Тобыл» мен «Қызыл-Жар» маңызды матч өткізеді
Футбол • Бүгін, 13:12
Шекара қызметі 8 мыңнан астам суық қару тәркіледі
Қоғам • Бүгін, 12:52
Солтүстік Корея коронавирусты жеңгенін жариялады
Әлем • Бүгін, 12:43
Магистратура емтиханында 328 адамның нәтижесі жойылды
Білім • Бүгін, 12:35
Ата-аналар жекеменшік балабақшаларға шағымданып жатыр
Қоғам • Бүгін, 12:22
Алматыда оқушыларға арналған автобус қатынайды
Қоғам • Бүгін, 12:17
Халықаралық олимпиада жеңімпаздарына сыйақы беріледі
Білім • Бүгін, 12:08
Алматыда 190 көпқабатты үйдің лифтісі жаңартылды
Аймақтар • Бүгін, 11:53
Павлодарда жоғалған ана мен бала табылды
Аймақтар • Бүгін, 11:40
ІІМ қазақстандықтарды сақтық шараларын сақтауға шақырды
Қоғам • Бүгін, 11:33
Үкімет басшысы отандық өндірісті қолдауды тапсырды
Үкімет • Бүгін, 11:27
Елена Рыбакина Торонтодағы турнирдің екінші айналымында сүрінді
Теннис • Бүгін, 11:17
Жамбылдық тұрғыннан ірі көлемде марихуана тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 11:09
Алматыда 280 орындық екі мемлекеттік балабақша салынады
Қоғам • Бүгін, 10:58
Тауар өндірушілерге тиесілі дизельді сатып жіберген оператор анықталды
Оқиға • Бүгін, 10:48
Михаил Саакашвили ауыр хәлде жатыр
Әлем • Бүгін, 10:35
Алматыда көпқабатты автотұрақтар салынады
Аймақтар • Бүгін, 10:23
Михаил Литвин Түркияда алтын медаль еншіледі
Жеңіл атлетика • Бүгін, 10:18
Қостанайда қантты 100% үстеме бағамен сатқандар әшкереленді
ANTIKOR • Бүгін, 10:10
Президент БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасымен кездеседі
Президент • Бүгін, 10:03
«Реал Мадрид» UEFA Суперкубогының иегері атанды
Футбол • Бүгін, 09:55
11 тамызға арналған валюта бағамы
Экономика • Бүгін, 09:40
Бес жасар Мәдинаның мәйіті табылған жерден видео жарияланды
Қоғам • Бүгін, 09:38
Джо Байден қысқамерзімді еңбек демалысына шықты
Әлем • Бүгін, 09:33
Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:24
Юлия Путинцева әлемнің үшінші ракеткасын жеңді
Теннис • Бүгін, 09:18
2458 қазақстандық коронавирустан жазылып шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:08
Елімізде 1651 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Бокс • Бүгін, 08:40
Теннис • Бүгін, 08:39
Ұқсас жаңалықтар