Елорда • 24 Шілде, 2020

Елорданың Сарыарқа ауданында апатты үйлердің орнына тынығу орны пайда болды

429 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жыл соңына дейін ауданда 14 қоғамдық кеңістік абаттандырылады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты хабарлайды, деп жазады Egemen.kz

Елорданың Сарыарқа ауданында апатты үйлердің орнына тынығу орны пайда болды

Сейфуллин көшесінде апатты деп танылып, сүрілген екі үйдің орнына жайлы демалыс орны пайда болды: асфальт төселіп, балалар ойын алаңдары, орындықтар орнатылып, жарықтандырылды. Маусымның басында басталған қоғамдық кеңістік құрылысы бірнеше күн бұрын аяқталды.

"Біз тұрғындармен жаңа демалыс орнында көргісі келетін нәрселер туралы алдын ала келісіп, қоғамдық пікірді тыңдап, талқыладық. Орнатылған жабдықтардың 90%-ы жергілікті мазмұнға ие. "Жұмыспен қамтудың жол картасы" аясында жұмысшылар тартылуда", деді Сарыарқа ауданының абаттандыру және қоғамдық кеңістікті дамыту бөлімінің басшысы Азамат Машенов.

Қазіргі уақытта Сарыарқа ауданында екі жаңа қоғамдық орын пайда болды. Жыл соңына дейін тағы 12 орынды абаттандыру жоспарланған. Мұндай абаттандыру жұмыстары қаланың барлық аудандарында жүргізілуде. Биыл Нұр-Сұлтанда 150 аула мен 50 қоғамдық орын, соның ішінде Алматы ауданында – 33, Байқоңырда – 70, Есілде – 20, Сарыарқада – 40 абаттандыру жоспарланған.