Аймақтар • 24 Шілде, 2020

Отыз ойын алаңы салынып, алпысы жаңартылады

345 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылордада "Жұмыспен қамту жол картасы" бағдарламасы аясында 30 ойын алаңы жаңадан салынып, алпысы жаңартылады. Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бағдарлама шеңберінде жасалып жатқан жұмыс сапасын тексеріп көрді, - деп хабарлайды Egemen.kz

Отыз ойын алаңы салынып, алпысы жаңартылады

Қаланың  Ақмешіт ықшам ауданындағы №28 үйдің ауласына салынған алаң толығымен заманауи талаптарға сай. Қауіпсіз әрі сапалы жасалған жұмысқа тұрғындар алғысын білдіруде.

"Бұрын балаларымыз ойнауға кетсе, бір жерін жарақаттап ала ма деп  алаңдап отыратын едік. Қазір қорқыныш сейілді", - дейді қала тұрғыны Салтанат Күзербергенова.

Биыл облыс орталығында балаларға арналған 30 ойын алаңын салу жоспарланған. Қазір олардың 18-інің құрылысы аяқталды.  

Шаһар басшысы ықшам ауданға қарасты № 26,27 үйлер тұрғындарымен де тілдесіп, өтініш-тілектерін тыңдады. Тұрғындардың мәселесі бойынша сала басшыларына жекелей тапсырма жүктеп, оны 10 күннің ішінде шешуді тапсырды.  

Ғ.Мұратбаев көшесі бойында спорт-жаттығу алаңы салынып жатыр. Жобаны  "Ақмар и К" ЖШС жүзеге асыруда.  

Бұдан бөлек қала аумағында балаларға арналған 2 стритбол алаңының құрылысы жүруде. Оның бірі Бұқарбай батыр көшесінен салынса, екіншісі Тасбөгет кентінде бой көтереді.