Әлем • 26 Шілде, 2020

Коронавирусты жылдам анықтайтын құрылғы ойлап табылды

58 рет көрсетілді

Колумбия округіндегі Джордж Вашингтон университетінің ғалымдары науқастардан COVID-19 немесе антидене іздерін дереу анықтай алатын миниатюралық құрылғыны ойлап тапты. Бұл туралы MedicalXpress порталы жазды.

Құрылғы алтын қабатымен жабылған. Ол заттарға газ тәрізді күйде реакция жасап, ол тарататын сәуленің түсін өзгерте алады. Сонымен бірге жасанды интеллект детектордың реакциясын талдап, науқастың қанында қандай зат бар екенін анықтайды.

Іс жүзінде былай: детектордың бетіне коронавирусқа сезімтал реагент жағылады. Вирустың бөлшектері детекторға тигенде, ол жарығын өзгертеді. Ал оны телефон камерасы арқылы көруге болады.

Зерттеушілер болашақта олардың өнертабысы мамандарға COVID-19 жұқтырған науқастардың ауқымды деректер базасын құруға мүмкіндік беретініне сенімді.

 

Соңғы жаңалықтар

Ресей азаматтары алғыс айтты

Аймақтар • Бүгін, 21:45

Семейге «Сергек» орнатылады

Аймақтар • Бүгін, 14:56

Әкім ақынға құрмет көрсетті

Аймақтар • Бүгін, 14:52

Алматыда халықаралық форум өтті

Аймақтар • Бүгін, 14:27

Ұқсас жаңалықтар