Алдағы уақытта пациенттердің болжамды саны бойынша жыл соңына дейін барлық ауруханаларды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін бірыңғай дистрибьютор қоймаларды толтырады.
COVID-19 емдеу бойынша амбулаториялық деңгейде қосымша 5 түрлі дәрімен қамтамасыз етіледі. Бұл шамамен 1 млн адамды қамтиды, оларға 8,6 млрд теңгеден астам сомаға дәрі-дәрмек тегін береді.
Айта кету керек, 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында ЖРВИ және ауруханадан тыс пневмония диагнозы қойылған 45 мың адам 21 млн теңгеден астам сомаға тегін дәрі-дәрмек алды.