Оңтүстік Қазақстан • 27 Шілде, 2020

Түркістанда имамдар игі бастамаға өз үлесін қосуда

373 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркстан облысы Сайрам ауданының имамдары елдегі игі бастаманы жалғастырып, 3,5 млн теңгеге медициналық жабдық алуға демеушілік танытты, деп хабарлайды Egemen.kz

Түркістанда имамдар игі бастамаға өз үлесін қосуда

Олар науқастың өкпесіне барып тұрған оттегінің шамасын анықтайтын пульсоксиметрдің 10 данасын, "Бобров" оттегі концентратынан 10 дана және 10 редуктор алып берді. Аталған медициналық жабдықтарды Сайрам аудандық ауруханасы мен емханасына Түркістан облысы бойынша бас имам Мұсабек қажы Ақтамберді табыстады. Қазір аудан ауруханаларында 41 адам COVID-19 індетімен, 394 науқас өкпенің қабынуына (пневмониядан) қарсы ем алуда.

Сайрам ауданы мешітінің имамдары мен еріктілер дертіне дауа, жанына шипа іздеген науқастардың өмірін сақтап қалуға бағытталған ҚМДБ Зекет қоры "Өмірге үміт сыйла" жобасы аясында осылай өз үлестерін қосты.