Елорда • 27 Шілде, 2020

Елорданың 55 көшесінде жол жұмыстары аяқталды

386 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Биыл 150 көше жөнделеді, оның 100-і тұрғын алаптарында. Бұл туралы әкімдіктің ресми сайты хабарлайды, деп жазады Egemen.kz

Елорданың 55 көшесінде жол жұмыстары аяқталды

Қаланың орталық көшелерінде 32,5 км жол жөнделді. Келесі 27 көшеде орташа жөндеу аяқталды: Қ. Сатпаев к-сі, Әл-Фараби (Байырқұм к-сі) к-сі, Угольной көшесінің жалғасы, Кенесары к-сі, А. Байтұрсынов к-сі, Таха Хусейн к-сі, Асан Қайғы к-сі, С. Торайғыров к-сі, Тұран даңғылы, Достық, Д. Қонаев, Түркістан, Ақмешіт көшелері, 319 (Bi Village баратын жол) к-сі, М. Мақатаев көшесінің жалғасы(спецтрасса), Нұрлыжол к-сі, Нұржол бульвары, Сауран к-сі, Абай даңғылы, Бөгенбай батыр даңғылы, Жеңіс даңғылы, Конституция к-сі, Шұғыла к-сі, Бұхарбай батыра к-сі, Мәскеу к-сі, "Тұлпар" көпірінің бұрылысы, Ы.Дүкенұлы к-сі.

Тоғыз көшеде (10,93 км) жұмыс жалғасуда: Амман к-сі, Шарль де Голль к-сі, Алаш тас жолы, Оқжетпес к-сі, Бейбітшілік к-сі, Р. Дүйсенбаев к-сі, Бабатайұлы к-сі, М-2 көпірі өткелі, Сарайшық көшесі бойындағы жергілікті өткел. Тұрғын алаптарда 28 көшеде жұмыстар аяқталды. Атап айтқанда, Балуан Шолақ к-сі, М.Төлебаев к-сі, А. Байтұрсынов көшесінің кіре берісі, Сүтбұлақ к-сі, Маркакөл тұйық к-сі, Қарасаз к-сі, Нұрлы тұйық к-сі, Ақберген тұйық к-сі, Орхон к-сі, Шырайлы, Сайрам, Ақбидай, Кеңшалғын көшелері, Ақпан тұйығы, Жолымбет к-сі, Аққайың к-сі, Сандықтас тұйық к-сі, Қайрақты тұйық к-сі, Арқарлы, Беласар, Қырыққыз көшелері, Маралсай тұйық к-сі, Желдірме тұйық к-сі, Қоғалы тұйық к-сі, Қамажай тұйық к-сі, Аққорған, Аққайың (Коктал-1 ТА), Тайсойған көшелері.

1

35 көшеде жұмыстар жүруде: Қапал, Арғанаты, Келес, Кемел, Майдақоңыр, Әлқисса, Алпамыс көшелері, Өндіріс көшесі Ақбидай көшесінен Үшқоныр көшесіне дейін, Ақшағыл, Мусоргский көшелері, Гүлзар тұйық к-сі, Киелісай, Бестау, Кеншілер, Назайтас, Арнасай, Жаңа әуежай көшелері, Атакент тұйық к-сі, № 52 өткел, Қызылсу, Бесағаш, Қашаған көшелері, Рауан тұйық к-сі, Рауан 1 тұйық к-сі, Рауан 2 тұйық к-сі, Шыршық тұйық к-сі, Қараой тұйық к-сі, Сумбе тұйық к-сі, Басықара батыр, Сонар, Сырғалы, А. Үлімжіұлы, Кербезқыз, Шарбақты көшелері, Балтакөл тұйығы. Еске сала кетейік, биыл бөлінген қаржы аясында жалпы ұзындығы 100 шақырым болатын 150 көшеде жөндеу жүргізілуде.

Атап айтқанда, 50 орталық көшеде (58,6 км) және тұрғын алаптардағы 100 көшеде (41,4 км) жұмыстар жүргізілуде: мысалы, Өндіріс тұрғын алабы –16 көше, Кирпичный – 12 көше, Агроқалашық – 21 көше, Көктал-1 – 12 көше; Промышленный – 8 көше, Оңтүстік-шығыс (оң жақ) – 18 көше және т.б.