Бүгін қалалық психикалық денсаулық орталығының (ҚПДО) базасында орналасқан инфекциялық стационардан коронавирус инфекциясы диагнозы қойылған соңғы науқас емделіп шықты. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

15 маусымнан бастап бұл орталық COVID-19 бар науқастарға арналған жұқпалы аурулар стационары болып өзгертілді. Бір жарым ай ішінде мұнда 1044 науқас емделді.
"Бүгін соңғы пациент емделіп шықты. Бәріміз тәулік бойы жұмыс істедік. Атап айтқанда, провизор Мелисса Самеева бәрін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етті, менің орынбасарым Лариса Гом, бас медбике Гүлнар Алтынбекова алдыңғы қатарда жұмыс істеді. Төсек-орындарды қайта бейімдеу, реанимацияны орналастыру алғашында қиындық тудырса да, біз оның бәрін еңсердік. Бізде Айнагүл Жамбурчинова, Салтанат Мусина секілді керемет дәрігерлер жұмыс жасады. Өз командама жоғары кәсібилік танытқаны үшін алғыс білдіргім келеді. Біз лайықты жұмыс жасадық!" дейді қалалық психикалық денсаулық орталығы директорының міндетін атқарушы Ольга Комарова.
58 жастағы Уәлихан емханадағы COVID-19-ды жеңген ең соңғы науқас.
"Орталық қызметкерлеріне алғыс білдіргім келеді. Мұнда 14 шілдеде түсіп, бүгін емделіп шыққалы жатырмын. Емнің барлық кезеңінде орталық қызметкерлері үлкен қамқорлық көрсетті. Дәрі-дәрмектер мен қажеттінің бәрімен қамтамасыз етті. Дәрілер тиімділік көрсетіп, алғашқы күндерден-ақ нәтиже берді. Жағдайым тек жақсара түсті. Тамағы да өте жақсы. Барлығына, медбикелерге, дәрігерлерге, ұжымның барлығына көп рахмет", дейді ол.
27 шілдедегі жағдай бойынша, Нұр-Сұлтанда коронавируспен 10 070 науқас тіркелді. Олардың 6 766-сы емделіп шықты. Ольга Комарованың айтуынша, дезинфекциядан кейін психикалық денсаулық орталығы жақында өзінің бұрынғы профиліне сәйкес жұмысын қайта бастайды.
Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • Кеше
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • Кеше
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • Кеше
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
Фотогалерея • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Кеше
Алматыда Терісбұлақ өзені кәріз суларынан тазартылды
Аймақтар • Кеше
Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ақмола облысында 3 мың адамға жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар
Медицина • Кеше
Қызылордада карантин талаптарын сақтамаған түнгі клуб анықталды
Аймақтар • Кеше
Атырауда полицияға 840 әйелден шағым түскен
Аймақтар • Кеше
Тарбағатай ауданында кен байыту комбинаты салынады
Аймақтар • Кеше
Грек-рим күресінен ел біріншілігі аяқталды
Күрес • Кеше
Илон Маск бір тәулікте біраз байлығынан айырылды
Әлем • Кеше
Жандарбек Бекшин алматылықтарға үндеу жолдады
Аймақтар • Кеше
Футзал: Беларуське қарсы ойнаймыз
Спорт • Кеше
Биыл 8 мың алматылықты баспанамен қамту жоспарлануда
Аймақтар • Кеше
Түркістанда «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы бастау алды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттегі медицина қызметкерлерінің еңбекақысы өсті
Аймақтар • Кеше
Қазақстандықтардың несиесі 7,6 трлн теңгеге жетті
Қаржы • Кеше
Түркістанда құдалық өткізгендер жауапқа тартылды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттен шалғай орналасқан ауруханаға КТ аппараты орнатылды
Аймақтар • Кеше
Алматыда қосымша жұмыс орындары ашылады
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Алматыда халықаралық форум өтті
Аймақтар • Кеше
Азаматтарға арналған үкімет өзінің кадрлар резервін жасақтайды
Аймақтар • Кеше
Мемлекеттік хатшы Жамбыл ескерткішіне гүл шоғын қойды
Фотогалерея • Кеше
Батыс Қазақстанда жол апатынан 4 адам қаза тапты
Аймақтар • Кеше
Екі қазақстандық дзюдошы әлемнің үздік ондығына енді
Спорт • Кеше
ШҚО ауыл шарушылығы бойынша алдыңғы қатарда
Аймақтар • Кеше
Экология вице-министрі жұмыс сапарымен Қызылорда облысында болды
Экология • Кеше
Сайын Мұратбетковтың әңгімелері ағылшын тіліне аударылды
Әдебиет • Кеше
Сенаторлар көлік қауіпсіздігі деңгейін төмен деп санайды
Парламент • Кеше
2020 жылы 13 мың этникалық қазақ көшіп келді
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар