Елдік істі атқару кімге де болса сын. Сыннан сүрінбей өту – парыз. Парызға адалдық – азаматтық қарыз. Қарыз бен парызды қара басының қамына, құбырдай құлқынына икемдегендер, жұрт болғалы жұтудай жұтып, жыртығымызды жамай алмай келеміз.

Сөз шіркін дауыл боп ескенде, нөсер болып құйғанда – бүкіл әлемнің көш басында өзіміз тұрғандай күй кештік, солай болатынына сендік. Бірақ қазіргі халықтың жай-күйі ол мақтан мен астам сөздің астарын ашып, тігісі толық тігілмегенін, тіпті шіріген жібі сөгіліп жатқанын көрсетіп отыр.
Қатерлі індетке әзірміз дедік. Оның жолын кесетінімізге иландық. Бірақ кесел дағдарысқа әкелгендей. Жақында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәселені толғай келіп, екі аптаның ішінде ес жимаған шенеунік жолын табатынын атап айтты. «Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты» (М.Жұмабаев) деп жүрген біраз атқа мінерлердің жағдайы онша емес екенін аңғардық. Әсіресе халықты дәрімен қамтамасыз етеді деген қорлардың тіршілігі тітіретті. Ондайлардың іскер емес, сән-салтанатта жүргені алға тартылды.
Біздің елімізде себепті анықтамай сөзге сеніп, ақыры салдармен күресетін салт бар. Осы салт қарапайым жұртты әуре-сарсаңға салумен келеді. Мына бір байламымызды айта кетсек дейміз. Мемлекет қаржысына иелік жасайтын қорлар бір әлем. Оларды ұстап тұру, қызметкерлеріне қаржы төлеу, миллиардтарды шашу талайдан бері айтылады. Әйтсе де нәтиже кем. Осы қор дегенді тікелей іспен айналысатын мекемелердің құзырына берсе қайтер еді. Ел ішінде «Самұрықтан» бастап қорда қызмет ету, министр болудан да мәртебелі. Өйткені онда ақша көп. Ақша жүрген жерде ар болмайды.
Сол секілді індеттің өршуінің арғы жағында жалған ақпаратқа, жалған сөзге, жалған іске, көз бояушылыққа сене салу жатыр десек, қателесе қоймаспыз. Наурыз айында індет келді дегенде кемел тірлігімізбен оны жеңеміз дедік. Бірақ сөз далада қалып, кесел кернеп кеттік. Індетпен қатар пневмония қосылып, талайды төсекке таңып, жүздеген адамды бақиға аттандырып жатыр. Үрей де жоқ емес. Осының себебі не дегенге келсек, шындықты жалған сөзбен бүркеуде жатқаны айдай анық. Тіпті осындай жат қылықты біздің шенеуніктер классикалық үлгіге айналдырып алды. Жалған есеп беру, ауыл әкімінен басталып жоғары қарай өрлей береді. Бұл қағазда бар, істе жоққа әкеліп жатыр.
Шенеуніктіктің классикалық үлгісіне бой алдыру дәстүрі әкеден балаға қалатын мұрадай жалғасуда. Қазір қалалы жердегі атқа мінерлер бұрынғыдай жағасы жайлау болмай, ес жия бастады. Жұрт не дер екен деп алаңдайды. Қай жердегі кемшілікті айтып, қапы қалар екенмін деп жалпақтайтын ұяты барлар да бар. Олардың тек тамырлары түзу болу керек. Ал керісінше мен кім, сен кім дегендер де табылып жатады. Дегенмен ондайлардың «өмірі» ұзаққа бара қоймайды. Себебі, халық таразы емес пе, көріп отыр, көріп отырған соң бұрынғыдай түзелер дегенге сенбей, тура айтуға бекініп келеді. Айтып та жатыр.
Шенеуніктердің классикалық үлгісі ауылдық жерде әлі толық жойылмаған. Баяғы кеудемсоқ сөз, «не айтып тұрсың» деп дүрсе қоя беру баршылық екен. Жасыратыны жоқ қазір сол ауыл әкімдері халықтың жағдайынан гөрі, өздерінің тұрмысын түзеуге ден қойған. Бар дүниені өзіне қарай икемдеуден жаңылар емес. Кезінде кейінгі ұрпақтың еншісіне қалдырған жерді түрлі жолмен жамбасқа басып алу, жақын-жаранына үлестіру, өзінен жоғарыдағыларға сый етіп тарту, сөйтіп орынтағында мықты отыру үрдісін үйренгендердің алды зейнет жасына келіп, демалып жатса да, орнына келгендері сол тәсілмен іс істеуде. Халықты қайырып ұстау әлі жойылмай келеді. Біз елде жүргенде жұртты көзге ілмей, өзім білем деген «мықтылардың» талайын кездестірдік. Жұрт бір жақта, әкім-қара бір жақта жүр. Мұны олар нарықтың заңы дейді. Нарық халық үшін емес пе, десең бұртияды. Тіпті Президенттің елдімекендегі өкілі, тапсырмасын бұлжытпай орындаушы екендігін естен шығарып, өзі құдай болып жүргендер де аз емес.
Басқа-басқа дауасыз кеселге байланысты білім беру ісіндегі мәселелерге мән бермей, ұрпақ тағдырына немқұрайды қарайтындардың тірлігі күйіндіреді.
Бір замандары Шерағаң – Шерхан Мұртаза Елбасы біреу, қалғанымыздың тіреу болуымызды қадап айтқан еді. Осы сөз бүгінгідей қилы кезеңде жүзеге асуы тиіс. Президент Қ.Тоқаев біреу, басқамыз ұлттың ұл-қызы ретінде тіреу болсақ, қане. Сол Президент дәйекке айтқан Сабыр Адай ақынның «Әр қазақ – менің жалғызым» сөзін ұлт сөзіне ұластыруды қарыз бен парыз деп білеміз. Бұны жүзеге асыру үшін әлгі шенеуніктердің шіреп тұратын, кеуде керетін, үстем мінез көрсетуге дағдыланған классикалық үлгіден, үзеңгі бауын алты қарыс ететін жат қылықтардан арылып, адами қасиетке жол беруі тиіс.
Алманың атасы: Жетісу сиверсінің жайы қандай?
Аймақтар • Бүгін, 00:18
Қоғам • Бүгін, 00:15
Экономиканың өсуіне нақты сектор үлес қосып отыр
Саясат • Бүгін, 00:12
Аймақтар • Бүгін, 00:11
Аймақтар • Бүгін, 00:10
Өзгермелі әлемдегі ынтымақтастық жолы
Саясат • Бүгін, 00:06
Жетінші съездің арқалаған жүгі қандай?
Қазақстан • Бүгін, 00:03
Йеменде жағдай тұрақталып келеді
Әлем • Бүгін, 00:02
Электр энергиясынан бас тарту кімге ұтымды?
Әлем • Бүгін, 00:00
Аштыққа ұшырағандар саны арта түсті
Әлем • Кеше
Аймақтар • Кеше
Энергетикалық тапшылық: Дағдарыс пен мүмкіндік
Экономика • Кеше
Қаржы • Кеше
Қаржы • Кеше
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Журналистика жампозы Омарғали Құдышев туралы бір үзік сыр
Қазақстан • Кеше
Руханият • Кеше
Әдебиет • Кеше
Өсу мен өшудің арасы екі-ақ тармақ
Әдебиет • Кеше
Қазақстан • Кеше
Абай оқулары: Хакім мұрасының жас зерттеушілері
Абай • Кеше
Жергілікті тұлғалар ескерусіз қала бере ме?
Қоғам • Кеше
Көршілермен байланыс артып келеді
Экономика • Кеше
Өнер • Кеше
Әйелін ұрып өлтірген түркістандық 17 жылға сотталды
Аймақтар • Кеше
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
«ҚТЖ» филиалының қызметкерлері дизель отынын ұрлаған
Оқиға • Кеше
Мемлекет басшысы «Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасын қабылдады
Президент • Кеше
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Президент Есеп комитетінің төрағасын қабылдады
Президент • Кеше
Елордада бірқатар көше уақытша жабылды
Елорда • Кеше
Алматыда есірткі сатумен айналысқан топ ұсталды
Оқиға • Кеше
Қаңтар оқиғасында 238 азамат қайтыс болды - Бас прокуратура
Қазақстан • Кеше
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының әкімін қабылдады
Президент • Кеше
Нұр-Сұлтанда бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді
Елорда • Кеше
Ұқсас жаңалықтар