Ауа райының күрделігіне қарамастан облыс диқандары егін оруды толық аяқтап, биік межеден көріне білді. Атап айтқанда, 5 миллион 113 мың тонна дәнді дақыл жиналып, қамбаларға құйып алынды. Гектар шығымдылығы 14,7 центнерден айналып, былтырғыға қарағанда 2 центнерге артты.
Жарыс көшін М.Жұмабаев ауданының егіншілері бастады. Мұнда гектар басы 17 центнерден өнім алынды, сапасы да айтарлықтай. Қызылжар ауданының агроқұрылымдары танап өнімділігін 16,8 центнерге жеткізіп, екінші орынды иеленді. Ғ.Мүсірепов ауданының диқандары жүз пұттық белесті бағындырып, еселі еңбектерімен көзге түсті.
Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан».
Солтүстік Қазақстан облысы.