19 Қазан, 2013

Мұнай-газ – маңызды мәселе

561 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мұнай-газ кеңесінің отырысын өткізді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Кездесуде мұнай-газ саласын одан әрі дамытудың, оны жаңғырту мен әртараптандырудың өзекті мәселелері қаралды.

Нұрсұлтан Назарбаев еншілес компаниялар арасында функциялардың қайталануын жойып, корпоративтік басқарудың халық­ара­лық стандарттарына сәйкестендіру мақса­тында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-тың ұйымдас­ты­рушылық құрылымын жетілдіру қажеттігін атап өтті.

Мемлекет басшысы мұнай өнімдерінің ішкі нарығын ретке келтіруге және мұнай өңдеу саласын дамытудың нақты перспективасын анықтаудың маңыздылығына назар аударды.

Сондай-ақ, кездесу барысында Солтүстік Каспий жобасын одан әрі іске асыру жайы және «Теңізшевройл» ЖШС қызметімен бірге мұнай-газ секторының өзге де өзекті мәселелері қаралды.

Отырыс қорытындысында Мемлекет басшысы қаралған мәселелер бойынша нақты тапсырмалар берді.

Соңғы жаңалықтар