Технология • 29 Шілде, 2020

Цифрлы түрлену ұтымды шешім ұсынады

491 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Online Astana Finans Days 2020 конференциясы аясында цифрлы форматта EdTech білім беру технологияларының екінші қазақ­стандық форумы өтті. Әлеуметтік оқшаулану барысында әлемдегі білім беруді цифрландыру осы жылдың басты тақырыбы болды.

Цифрлы түрлену ұтымды шешім ұсынады

Жиында айтылғандай, пандемия мен әлеуметтік оқшаулау білім беру технологиялары ин­дус­триясының оң серпініне айналды. Бүкіл әлемде білім беру жүйесінің жеделдетілген цифрлы түрленуі жүруде. Мектептер, уни­верситеттер және кәсіби сертификациялар жылдам онлайн режімге көшуде. Бұл саланың цифрлануы болашақтың емес, бүгінгі күннің жағдайына айналды.

– 2020 жыл көпке дейін есте қалады. Болашақта замандастырымыз бір ғана мәселені – EdTech аясында әлеуметтік қашықтықты сақтауда оң шешімдер іздеуде барша әлем мен әр саланың өкіл­дері болып бірлесіп жұмыс істегенін мысалға келтіре отырып, цифрлы түрлендірудің түрлі жолдарын қарастыратын болады. Сондықтан біз экономи­каның ең экологиялық таза саласы – білім беру саласында ұтым­ды шешімдер ұсына ал­а­тын және халықаралық ынты­мақтастық құра алатын ең үз­дік мамандарды жинадық, – деді «АХҚО әкімшілігі» АҚ Бас­қарма төра­ғасының орынбасары Ернұр Рысмағамбетов.

Сарапшылар жоғары білікті IT-мамандарды іздестіру және білім саласына тартудың өзек­ті мәселелерін; саланың әлеу­мет­­тік оқшауланудан және бі­лім берудің цифрлы түрлен­ді­руден алған тәжірибесін; циф­р­лы эконо­микадағы адам­ капи­талының рөлі және Төртінші өнеркәсіптік рево­лю­ция жағ­дайындағы білімнің орны жайлы пікір алмасты.

– Қазіргі уақытта білім бе­ру жүйесі үлкен өзгерістерге ұшы­рап жатыр. Білім берудегі тез икем­­деле алатын және тиімді әдістер қолжетімді болып, саланы тұтастай өзгертетін инновациялық әдістер пайда болуда. Білім беру саласында инновациялық технологияларды ұтымды пайдаланған қазақстандық жобалар мен бастамаларды көріп қуанасыз. Қазір білім беруде қандай өзгерістер қа­жет екенін түсіну үшін әртүрлі экожүйе мамандарымен саладағы өзгеріс­терді талқылаудың уақыты келді, – деді «Зерде» ұлттық ин­фоком­муникациялық холдингі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Павел Коктышев.

Форум барысында білім жүйе­сіне қатысты көптеген мәселелер талқыланып, нақты шешімдер шығарылды.