Экономика • 29 Шілде, 2020

Қандыағаш – Мақат жолы ашылады

362 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстанның батысында екі өңірді байланыстыратын республикалық маңызы бар негізгі жолдардың бірін қайта жаңарту жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде.

Қандыағаш – Мақат жолы ашылады

Биыл жолшылар «Ақтөбе – Атырау – РФ шекарасы (Астрахань)» автомобиль жо­лы­ның 339 шақырымында қоз­ға­лыс­ты ашуды жоспарлап отыр. Жол учаскелеріндегі жұ­мыс­тарды орындау қар­қын­дылығын ИИДМ Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Төлеген Абдуллин тексеріп қайтты.

Жолдың жалпы ұзындығы 897 шақырымды құрайды. Бүгінгі таңда қайта жаңарту жұмыс­та­ры­мен жолдың 359 шақырымы қамтылған. Жоба бірнеше учас­келерге бөлінген. Барлығында құрылыс жұмыстары белсенді түрде жүргізіліп жатыр.

Осылайша, ұзындығы 299 шақырымды құрайтын «Қан­ды­ағаш – Мақат» жолындағы жұ­мыс­тарды «Todini Construzioni Generali S.p.A», «Құрылыс-өнер­кә­сіптік инвестициялық корпорациясы» ААҚ» БК, «Shanghai Construction Group Co., Ltd», Ant Insaat Maden Sanayi A.S.» компаниялары және «Ақ жол құрылыс» ЖШС жүргізуде.

Ақтөбе облысындағы жол учас­кесінде мердігер компания­лар биыл қиыршық тасты-мас­тикалық асфальт-бетоннан жа­сал­ған жабындының жо­­ғар­­ғы қабатын жолдың 20 ша­қы­рымында, жабындының төменгі қабатын жолдың 32 шақы­ры­мын­да төседі. Атырау облысын­да жолшылар жыл басынан бері жолдың 35 шақырымында жабын­дының төменгі қабатын, 37 шақырымында жол негізінің жоғарғы қабатын жайластырған. Дәл осы «Қандыағаш – Мақат» жолы қозғалыс үшін биыл ашылмақ. Сондай-ақ жұ­мыс­тар жолдың 100-160 шақы­рым­да­рының аралығында жүргізіліп жатыр. Мердігер ұйым «Uniserv» ЖШС жыл басынан жолдың 8 ша­қы­рымында жол негізінің жо­ғар­ғы қабатын, тағы 8 шақы­ры­мында жабындының төменгі қабатын төседі. 60 шақырымдық жол учаскесінің толық бойында қозғалыс 2021 жылы ашылады деп жоспарлануда.