Медицина • 29 Шілде, 2020

Емдеу жүйесіне өзгерістер енгізілді

109 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Алматы қаласында медициналық көмек көрсету тәсілдерін өзгерту төсектік орын қорының жүктемесін азайтуға септесе бастағанын байқауға болады. Шаһарда жедел жәрдем мен емханалардың, стационарлардың жұмысынан бастап барлық бағыттар бойынша жұмыс тәсілдері өзгертілді.

Емдеу жүйесіне өзгерістер енгізілді

Қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Ка­мал­жан Надыров соның нәтижесінде, жұмыс жүйелене бастағанын, бұған дейін клиникалар про­ви­­зорлық және инфекциялық стационарларға бөлінген болса, бүгінде пациенттер жағдайының ауырлық дәрежесіне қарай бөлінетінін жеткізді.

«Біз оны үш санатқа бөлдік. Бірінші санатта – ең жақсы материалдық-техникалық базасы бар клиникалар, онда озық реанимация қызметі, қажетті мамандар жиынтығы бар. Екінші санаттағы клиникаларда мамандар бар, бірақ реанимациялық төсектік орын саны аз. Үшінші санаттағы клиникаларға біз ауруының ауыр­лық дәрежесі салыстырмалы түрде жеңіл және орташа па­циенттерді жатқызамыз. Мұн­дай ағындар бойынша бөлу па­циенттердің маршрутын жүйелі түрде құруға мүмкіндік берді», деді қаланың бас дәрігері.

Оның айтуынша, бүгінде қа­ла­да төсектік орын саны мен сауы­ғып шыққан пациенттер санының артқаны байқалады. «Бұрын бізде төсектік орындардың бос болмауы аурулар ең көбейген сәтте 90%-ға жеткен болса, қазір бұл көрсеткіш 50%-дан аз. Әрбір екінші төсектік орын бүгінде бос, бірақ осыған қарамастан, біз төсектік орынды көбейтуді жал­ғас­ты­­рып жатырмыз», деді К.На­ды­ров.

Сондай-ақ БМСК деңгейінде медициналық көмек көрсету тәсілдері өзгерді, тек КВИ-мен ауырған пациенттермен ғана жұмыс істейтін арнайы мобильді бригадалар құрылды.

«Бүгінгі таңда 72 мобильді бри­гада бар, дәрігерлер мен орта­ша медициналық қызмет­кер­лер саны 400 адамға жетті. Бұрын 200 адам болған. Мобиль­ді бригадалардың міндеті – па­циенттерді БМСК деңгейінде барынша ұстау, яғни асқынулардың дамуына және келесі деңгейге – стационарлық деңгейге жет­кіз­беу», деді ол.

Енді жедел жәрдем пациент­терге келгенде, олардың әзір­лен­ген чек-парағы бойынша пациенттің ағымдағы жағдайын объек­тивті бағалауға болады. Аурудың ауырлық дәреже­сіне байланысты жедел жәр­дем науқасты қандай ауруха­наға жатқызу туралы шешім қабыл­дайды. Осы арада айта кету керек, COVID-19-бен күреске тар­тылған медициналық ұйымдар­дың саны артып келеді. Бүгінде қалада шамамен 6 мың төсектік орын бар, онда 4 440 медици­налық қызметкер жұмыс істейді.

«Біз сонымен қатар медицина кадрларын жұмылдыру мә­селесін қарастырудамыз, өйт­кені біздің алдымызда төсектік орын санын кем дегенде 7 700-ге дейін жет­кізу міндеті тұр. Бү­гінде
1 500-ге жуық дәрігерді қа­был­да­дық. Олар дайындықтан өтіп, ин­фекциялық қауіпсіздік, па­циент­терді емдеу мәселелері бо­йын­ша оқытылып жатыр. Бұл тұр­ғыда мамандарды дайындайтын арнайы оқу-клиникалық ор­­та­лық құрылды», деді бас дәрігер.

Сонымен қатар қала басшы­лығы төсектік орын санын арттыру үшін барлық нұсқаларды пысық­тауда. Қаладағы «Halyk Arena» мұзайдын сарайының базасында госпиталь ашылды, онда 1 мың төсектік орын орна­ласқан. Сондай-ақ сол жерге медициналық газдар, оттегі жет­кізіп, толыққанды реани­ма­циялық бөлім ашу жос­парда бар.

«Медициналық мекемелерден басқа да нысандарды зерделедік. Атап айтқанда, бастапқыда пси­хо­­нев­рологиялық ауруларды емдеу орталығы ретінде салынып жат­қан әлеуметтік нысандардың біріне тоқталдық. Барлық ин­фра­құ­рылымды зерттеп, оны ме­ди­циналық нысан ретінде қай­та бейіндеу өте қолайлы еке­нін түсіндік. Бүгінде тиісті жұ­мыс­тар жүргізілуде. Бұл 500 төсектік орындық толыққанды стационар болады, оны қыркүйек айында пай­далануға беруді жоспарлап отырмыз. Онда инфекциялық қауіпсіздіктің барлық талаптары сақталады», дейді.

 

АЛМАТЫ