Спорт • 29 Шілде, 2020

Роналдудың тағы бір белесі

200 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ХХІ ғасырдағы ең үздік пенальти орындаушылардың көшін Португалия ұлттық құрамасы мен Туриннің "Ювентус" клубының шоқ жұлдызы Криштиану Роналду бастап тұр, - деп хабарлайды Egemen.kz

Роналдудың тағы бір белесі

Жаңа ғасыр табалдырықтан аттаған кезден бері түрлі жарыстарда өнер көрсеткен Роналду қарсыластар қақпасын 11 метрлік нүктеден 114 мәрте дәл көздеді. Бұл жағынан 35 жастағы сұрмергеннің алдына ешбір футболшы түсе алмайды. Екінші және үшінші орындарда – 2017 жылы спорттық карьерасын аяқтаған «Романың» капитаны, италиялық Франческо Тотти мен ұзақ уақыт бойы «Барселонаны» өрге сүйреп жүрген аргентиналық Лионель Месси. Олардың әрқайсысы 75 реттен пенальтиді мүлтіксіз орындады.

Сонымен қатар, үздіктер санатында Златан Ибрагимович (64 гол), Фрэнк Лэмпард (50), Эдинсон Кавани (48), Стивен Джеррард (46), Алессандро Дель Пьеро (44), Роналдиньо (44) және Серхио Агуэро (41) сынды саңлақтар бар.

Соңғы жаңалықтар

Баға тұрақтылығы – басты назарда

Экономика • Бүгін, 08:55

Жаңатастағы жойқын дауыл

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Ырысын ізденіспен еселеген

Еңбек • Бүгін, 08:43

Медалі көп чемпион

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Дүбірлі дода басталды

Олимпиада • Бүгін, 08:35

Сегіз Олимпиадаға қатысқан

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кешенді қолдау құжаты

Білім • Бүгін, 08:25

Бір сайыста – бес алтын

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Сағадағы сатира кеші

Тағзым • Бүгін, 08:10