Медицина • 29 Шілде, 2020

Алматыда радиологиялық кескіндерді сақтайтын аймақтық қор құрылды

339 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн брифингте Цифрландыру басқармасының басшысы Баян Қоңырбаев және "iMedHub" жобасының жетекшісі Рената Ахмад хабарлады, - деп жазады Egemen.kz

Алматыда радиологиялық кескіндерді сақтайтын аймақтық  қор құрылды

2020 жылдың сәуірінде Forus Data медициналық кескіндерді өңдеуге арналған PACS серверін (құны шамамен 30 млн. теңге) жасады. Ол Алматы қаласының Дата орталығында орналасқан.

PACS жүйесі (суретті мұрағаттау және байланыс жүйесі) компьютерлік желілерді, серверлерді, бағдарламалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады және сандық радиологиялық кескіндерді сақтауға, мұрағаттауға мүмкіндік береді.

Жасанды интеллекті қолдану арқылы өкпе ауруын диагностикалау үшін PACS серверіне қосу жұмысы Алматыдағы бірқатар ауруханаларда жүзеге асырылды:

- И. Жекенов атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы;
- Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты;
- Алматы қаласы Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы;
- Алматы қаласы балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы;
- Модульдік жұқпалы аурулар ауруханасы;
PACS және қызметтерді қосу жұмысы келесі мекемелерде жүргізілуде:
- БСМП Алматы қаласы;
- Алматы қалалық онкология орталығы;
- № 12 қалалық клиникалық аурухана.

PACS - қосылған барлық ауруханаға сандық медициналық кескіндерге қол жеткізу мүмкіндігін береді. Науқасты бір медициналық ұйымнан екіншісіне жіберген кезде плёнка немесе қағаз кескіндерін қолданудың қажеті жоқ. Сонымен қатар ауру динамикасын бақылау мүмкіндігін береді.
Дәрігерлер жасанды интеллекті қосымша пікір ретінде қолданады. Бұл олардың жұмысын жеңілдетуге, аурудың нақты диагостикасын жасауға мүмкіндік бермек.

Осы жылдың маусым айында Алматы қаласы жұқпалы аурулар ауруханасымен және И. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ- мен бірге "Алғашқы симптомның болжамдарын диагностикалау және жасанды интеллекті ақпараттық технологияға енгізу негізіндегі COVID-19-дың ауыр өту қаупінің предикторы" қызметін дамыту туралы келісімге қол қойылды. Қазіргі уақытта медициналық ақпараттық жүйемен бірге пилоттық режимде ГКИБ іске қосылуда. Қан маркерлеріне арналған бұл қызмет түрі - аурудың ауыр өту дәрежесін болжауға мүмкіндік береді. Сол арқылы ауруханалар терапия әдістерін, реанимацияға жатқызу қажеттілігін немесе керісінше босатуды жоспарлай алады.

2019 жылы маусымда "Crystal spring" компаниясы Дүниежүзілік банктің "Инклюзивті инновациялық консорциум" бағдарламасы бойынша "Машиналық оқыту жүйесі негізінде өкпе ауруларын диагностикалау бойынша бағдарламалық қамтамасыз ету мен қызметтерді ұсыну" жобасы грантын ұтып алды. Бұл жобаны ҚР МЦРИАП бірге дамыту жұмыстары жүргізілуде.

Алматы қаласының әкімдігімен бірлесіп жобаны емхана, ауруханада және жеке медициналық мекемелерде қызметтерді қосу жобасын кеңейту жоспары жасалуда. Сондай-ақ жобаны қаржыландыру механизмін әзірлеу қажет.