Барша мұсылман үшін басты міндет – дінімізді ұстану, ислам құндылықтарын дәріптеу. Бізді қиямет қайым көпірінен құтқаратын амал тек қана Алла алдындағы парыздарымызды орындау екені анық. Алла Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) арқылы бізге Құранды жеткізді, мұсылман дінінің негізгі ұстанымдары айқындалды. Оған ешқандай күмән келтіруге құқымыз жоқ. Біз мұсылман болғандығымызды мақтан тұтамыз.

Мұсылманның бірінші парызы – Алладан басқа Тәңір жоқ, Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) оның елшісі екенін мойындауы. Одан кейінгі басты парыздар: бес уақыт намаз оқу, жылына бір мәрте мұқтаж жандарға зекет беру, Рамазан айында отыз күн ораза ұстау және мүмкіндігіне орай қажылыққа бару.
Әлхамдулла, тәуелсіздік алған кезең ішінде дін бостандығына қол жеткіздік, мұсылманның әдет-ғұрыптарын өткізуге мүмкіндік берілді. Біздің елде Құрбан айттың бірінші күні заң бойынша демалыс болып жарияланған. Өйткені адамдарға өз отбасымен бірге дайындалуына және осы мейрамды атап өтуіне жағдай жасалған. Келешекте Ораза айт та мейрам күні болып белгіленеді деп үміттенемін. Бұл мұсылмандардың жан дүниесі мен қажеттілігінен туындайды деп ойлаймын.
Құрбан айттың рөлі мен маңызы, діни рәсімдері туралы біздің дін өкілдері, имамдар терең түсініктер берген. Алланың ризашылығы үшін құрбандыққа мал шалады. Бұл рәсімді не үшін өткізіп жатқанымызға мән беруіміз керек. Бұл дәстүр бізге Ибраһим пайғамбар (ғ.с.) заманынан жетіп отыр. Ол Аллаға шынайы берілгендігін дәлелдеу үшін сүйікті ұлы Исмайылды құрбандыққа шалайын деп тұрған сәтте Алла өзіне берілгендігіне көз жеткізіп, аспаннан көк қошқар түсіріп, мейірім жасаған екен. Содан бері құрбандыққа мал шалу дәстүрі жалғасып келеді. Құрбандық шалу, малдың қанын шығару арқылы Алла адамды барлық күнәларынан арылтады. Кешірім жасайды. Ал сен Алланың алдында анаңнан туған сәттегідей күнәсіз адамға айналасың.
Меккеге қажылық сапарға барған адамдар барлық рәсімдерін атқарған соң, бір малды құрбандыққа шалады. Ал сапарға бармағандар өз үйінде атап өтеді. Құрбандыққа шалатын мал ауру, кем-кетік болмауы керек. Әдетте қой сояды, бірнеше отбасы бірігіп сиыр не түйе союына болады. Ол отбасы малдың етін жеу үшін құрбандық шалмайды. Үй иесі өзіне еттің үштен бірін қалдырып, қалғанын жетім-жесірлерге, мұқтаж адамдарға таратады. Барлық адамға қамқорлық жасауың керек. Сондықтан құрбандық шалудың да мәні тереңде жатыр. Дәл сол күні барлық ісің Алланың атымен басталып, барлық жұмысың Аллаға шүкіршілік айтуыңмен аяқталуы тиіс. Өйткені Жаратқан иеміз саған осындай рәсімді жасауыңа мүмкіндік берді.
Қажылық парызын орындап келгендер жан дүниелері рухани, діни байып, Меккеден айрықша таза болып келеді. Өзім 1999 жылы Меккеге, қажылық сапарға барып келдім. Өзім әрбір намазда «Қазақ елін пәле-жаладан, сынақтардан, түрлі аурулардан сақта. Алланың жерімізге, халқымызға қайырымы мол болғай. Адамдарға денсаулық, береке, бірлік бергей», деп дұға жасаймын.
Небір қуғын-сүргіннің, депортацияның азаптарын бастан кешсе де, біздің ата-аналарымыз дін қағидаларын мықты ұстанды. Ұдайы намаздарын оқып, бейітке барып құран оқып жүрді. Мен өмірде әкемді үлгі тұтамын. Ол қарапайым жұмысшы болды, қашанда лайықты өмір сүруге тырысты. Өзін тек Алла қорғайды деп сенді. Тынымсыз еңбек етіп, қиындыққа төзіп, отбасын асырады. Бізді де ерінбей жұмыс істеуге, адал жүріп-тұруға үйретті. Шаңырақтың берекесін сақтауға, балалардың өнегелі тәрбие алуына бар күш-жігерін жұмсады.
Жалпы, дін – адам рухын қалыптастыратын діңгек! Діни тереңдігі мол болса, ол адамның рухы да берік болады. Дін бүгінде халықтарды біріктіруші, ортақ мақсатқа бағыттаушы, іргелі істерді үйлестіруші күшке айналып келеді.
Адам баласы қандай да бір діни сеніммен өмір сүреді. Егер адам баласы Ислам нормаларын қатаң сақтап, өмір сүрсе, қателеспес еді. Алла жолында түзу жүріп, адал өмір сүру адамның өзіне байланысты. Сондықтан дінді ұстануға жеңіл-желпі қарауға болмайды. Барлық іс-әрекетің адал болуы керек. Өзіңнің ішкі дүниең таза болса, сенің ойың мен іс-әрекетің де дұрыс болады.
Ислам – бірлік пен берекені, достық пен ынтымақтастықты сақтайтын, бейбітшілікті жақтайтын дін. Елдің ертеңін ойлайтын парасатты адам әрдайым халықты бірлікке, татулыққа, достыққа шақырып отырады.
Мен барша отандастарымызды Құрбан айт мейрамымен құттықтаймын. Алла еліміздің ынтымағын арттырып, халқымызды соғыстардан, күйзелістерден, індеттерден, табиғи апаттардан қорғасын деп тілеймін. Әрбір жанның жүрегін мейірім мен шапағатқа толтырсын. Құрметті отандастар, Құбан айт қабыл болсын!
Ахмет МУРАДОВ,
Парламент Мәжілісінің депутаты,
қоғам қайраткері, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі,
«Вайнах» чешен-ингуш қауымдастығының жетекшісі
Түркияда тікұшақ апатқа ұшырады
Әлем • Бүгін, 23:55
Хоккей • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
«Құрманжан датқа» қандай фильм?
Руханият • Кеше
Балуандарымыз Римдегі жарысты тамаша бастады
Күрес • Кеше
Қостанай облысында кеніш жүк көліктерін әйелдер жүргізеді
Аймақтар • Кеше
Тәуелсіздік көшесінің тұрғындары тізеден балшық кешіп жүр
Аймақтар • Кеше
Түркістан облысында 30 млн дана тал егіледі
Аймақтар • Кеше
«Париж-Ницца» көпкүндігіне қатысады
Спорт • Кеше
Теннис • Кеше
Теңге тұрақты: Баға неге өсе береді?
Қаржы • Кеше
Президент Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 14-саммитіне қатысты
Президент • Кеше
Сенаторлар ТМД ПАА іс-шараларына қатысты
Қазақстан • Кеше
Түлектер күнінің дайындығы талқыға түсті
Білім • Кеше
Еділ суын алуға қосымша қаражат қарастырылады
Үкімет • Кеше
Алматы дәрігерлері қаңтарда 1,77 млрд теңге үстемақы алды
Медицина • Кеше
Қазақстанда 30 шетелдік фармацевтикалық өндіруші өз өндірісін ашады
Қазақстан • Кеше
Жаңа басылым – жақсылықтың жаршысы
Руханият • Кеше
Алматыда «Әйелдер маршы» өтеді
Қоғам • Кеше
Еуропада «пандемия салығы» енгізілді
Әлем • Кеше
Семейде қаржы пирамидасының жұмысы әшкереленді
Қоғам • Кеше
Түркістан облысында үшем дүниеге келді
Қоғам • Кеше
Қытайда миллиардерлер саны мыңнан асты
Әлем • Кеше
Бас мүфти: Еліміздегі мешіттер қазақы стильде болуы тиіс
Руханият • Кеше
Facebook Тәжікстанға салық төлейтін болды
Әлем • Кеше
Коронавирус гүл арқылы жұға ма?
Коронавирус • Кеше
Елордада туберкулезге қарсы 4 мыңнан астам адам тексерілді
Медицина • Кеше
Алматыда пәтер ұрылары ұсталды
Аймақтар • Кеше
Алматыдағы перзентханада бір әйел қайтыс болды
Қоғам • Кеше
Қызылордада мұғалімдерге вакцина салынып жатыр
Аймақтар • Кеше
Шымкенттік ұстаз 18 жыл бойына олимпиада жүлдегерлерін дайындаған
Оңтүстік Қазақстан • Кеше
Әскери полиция органдары туралы заң жобасы әзірленді
Қоғам • Кеше
Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бойынша орталықтар ашылады
Қазақстан • Кеше
Қылмыстық іс: Өскемендік тәрбиеші балаларға зәбір көрсеткен
Аймақтар • Кеше
Алматы коронавирус бойынша «сары» аймақта
Аймақтар • Кеше
Электронды еңбек биржасында сервистер жетілдірілді
Технология • Кеше
Оралда 17 жастағы жігіт көпірден секірді
Аймақтар • Кеше
ШҚО тұрғыны пәтерінде оқ-дәрі сақтаған
Аймақтар • Кеше
Шахтада екі жұмысшыны топырақ басып қалған
Оқиға • Кеше
Аң аулау ережесін бұзғандарға қандай жаза қолданылады?
Қазақстан • Кеше
Қыздар университетінің ғалымдары 51 млн теңгенің грантын ұтты
Аймақтар • Кеше
Алматылық студенттер республикалық байқаудың жеңімпазы атанды
Аймақтар • Кеше
Каратэден Қазақстан командасының бас бапкері бекітілді
Тағайындау • Кеше
Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті
Қазақстан • Кеше
Дін саласы мамандарына арналған семинар басталды
Қоғам • Кеше
Омарташылар мен марал өсірушілер қолдауға зәру
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар