Руханият • 30 Шілде, 2020

Дін – адам рухын қалыптастыратын діңгек!

1040 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Барша мұсылман үшін басты міндет – дінімізді ұстану, ислам құндылықтарын дәріптеу. Бізді қиямет қайым көпірінен құтқаратын амал тек қана Алла алдындағы парыздарымызды орындау екені анық. Алла Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) арқылы бізге Құранды жеткізді, мұсылман дінінің негізгі ұстанымдары айқындалды. Оған ешқандай күмән келтіруге құқымыз жоқ. Біз мұсылман болғандығымызды мақтан тұтамыз.

Дін – адам рухын қалыптастыратын діңгек!

Мұсылманның бірінші па­ры­зы – Алладан басқа Тәңір жоқ, Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) оның елшісі екенін мойындауы. Одан ке­йінгі басты парыздар: бес уақыт намаз оқу, жылына бір мәрте мұқтаж жандарға зекет беру, Рамазан айында отыз күн ораза ұстау және мүмкіндігіне орай қажылыққа бару.

Әлхамдулла, тәуелсіздік ал­ған кезең ішінде дін бостан­ды­ғына қол жеткіздік, мұ­сыл­­ман­ның әдет-ғұрыптарын өт­­кі­зуге мүм­кіндік берілді. Біз­­­дің елде Құрбан айттың бі­рін­­ші күні заң бойынша дема­лыс болып жарияланған. Өйткені адамдарға өз отбасымен бірге дайындалуына және осы мейрамды атап өтуіне жағдай жа­­салған. Келешекте Ораза айт та мейрам күні болып белгі­ле­неді деп үміттенемін. Бұл мұсыл­мандардың жан дүниесі мен қажеттілігінен туындайды деп ойлаймын.

Құрбан айттың рөлі мен ма­ңызы, діни рәсімдері туралы біздің дін өкілдері, имамдар терең түсініктер берген. Алла­ның риза­шылығы үшін құрбан­дыққа мал шалады. Бұл рәсімді не үшін өткізіп жатқанымызға мән беруіміз керек. Бұл дәстүр бізге Ибраһим пайғамбар (ғ.с.) за­манынан жетіп отыр. Ол Алла­ға шынайы берілгендігін дәлелдеу үшін сүйікті ұлы Ис­ма­­йыл­ды құрбандыққа ша­ла­йын деп тұрған сәтте Алла өзіне бе­рілгендігіне көз жеткізіп, ас­пан­нан көк қош­қар түсіріп, мейі­рім жасаған екен. Содан бе­рі құрбандыққа мал шалу дәс­түрі жал­ғасып келеді. Құрбан­дық шалу, малдың қанын шы­ғару арқылы Алла адамды бар­­лық күнәларынан арылтады. Кешірім жасайды. Ал сен Алла­ның алдында анаңнан ту­ған сәттегідей күнәсіз адамға айна­ласың.

Меккеге қажылық сапарға барған адам­­­дар барлық рәсім­дерін атқарған соң, бір малды құрбандыққа шалады. Ал са­парға бармағандар өз үйінде атап өтеді. Құр­бандыққа шала­тын мал ауру, кем-кетік болмауы керек. Әдетте қой соя­ды, бірнеше отбасы бірігіп сиыр не түйе союына болады. Ол отбасы малдың етін жеу үшін құрбандық шалмайды. Үй иесі өзіне еттің үштен бірін қал­дырып, қалғанын жетім-жесір­лерге, мұқтаж адамдарға таратады. Барлық адамға қамқорлық жасауың керек. Сондықтан құр­бандық шалудың да мәні те­реңде жатыр. Дәл сол күні бар­лық ісің Алланың атымен басталып, барлық жұмысың Аллаға шүкіршілік айтуыңмен аяқталуы тиіс. Өйткені Жаратқан иеміз саған осындай рәсімді жасауыңа мүм­кіндік берді.

Қажылық парызын орындап келгендер жан дүниелері рухани, діни байып, Меккеден айрықша таза болып келеді. Өзім 1999 жылы Меккеге, қа­жылық сапарға барып кел­дім. Өзім әрбір намазда «Қа­зақ елін пәле-жаладан, сынақ­тардан, түрлі аурулардан сақ­та. Алланың жерімізге, халқы­мызға қайырымы мол болғай. Адамдарға денсаулық, береке, бірлік бергей», деп дұға жасаймын.

Небір қуғын-сүргіннің, де­пор­тацияның азаптарын бастан кешсе де, біздің ата-аналарымыз дін қағидаларын мықты ұс­танды. Ұдайы намаздарын оқып, бейітке ба­рып құран оқып жүрді. Мен өмірде әкемді үлгі тұтамын. Ол қарапайым жұ­мысшы болды, қашанда ла­йықты өмір сүруге тырыс­ты. Өзін тек Алла қор­ғайды деп сенді. Тынымсыз еңбек етіп, қиын­дыққа төзіп, отбасын асырады. Бізді де ерінбей жұ­мыс істеуге, адал жүріп-тұруға үйретті. Шаңырақтың берекесін сақтауға, балалардың өнегелі тәрбие алуына бар күш-жігерін жұмсады.

Жалпы, дін – адам рухын қа­лыптас­тыратын діңгек! Діни тереңдігі мол болса, ол адамның рухы да берік болады. Дін бүгінде халықтарды біріктіруші, ортақ мақсатқа бағыттаушы, іргелі істерді үйлестіруші күш­ке айналып келеді.

Адам баласы қандай да бір діни сеніммен өмір сүреді. Егер адам баласы Ислам норма­ларын қатаң сақтап, өмір сүрсе, қателеспес еді. Алла жолында түзу жүріп, адал өмір сүру адамның өзіне байланысты. Сондықтан дінді ұстануға же­ңіл-желпі қарауға болмайды. Барлық іс-әрекетің адал болуы керек. Өзіңнің ішкі дүниең та­за болса, сенің ойың мен іс-әре­кетің де дұрыс болады.

Ислам – бірлік пен берекені, достық пен ынтымақтастықты сақтайтын, бейбітшілікті жақ­тайтын дін. Елдің ертеңін ойлайтын парасатты адам әрдайым халықты бірлікке, татулыққа, достыққа шақырып отырады.

Мен барша отандастарымызды Құрбан айт мейрамымен құттықтаймын. Алла елі­міздің ынтымағын арттырып, халқымызды соғыстардан, күй­зелістерден, індеттерден, та­биғи апаттардан қорғасын деп тілеймін. Әрбір жанның жүрегін мейірім мен ша­пағатқа толтырсын. Құрметті отандас­тар, Құбан айт қабыл болсын!

 

Ахмет МУРАДОВ,

Парламент Мәжілісінің депутаты,

қоғам қайраткері, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі,

«Вайнах» чешен-ингуш қауымдастығының жетекшісі