Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын!
Қадірлі қауым! Баршаңызды күллі исі мұсылман баласы асыға күтетін ұлық мейрам – Құрбан айтпен шын жүректен құттықтаймын! Айттарыңыз қабыл болсын! Сіздерге Алладан амандық, мықты денсаулық, мол ырыс пен бақ-береке тілеймін!

Суретті түсірген Ерлан ОМАР, «ЕQ»
Құрбан айт – асыл дініміз Исламдағы екі ұлық мерекенің бірі. Айтулы күнде мұсылман қауымы Құдай жолында құрбан шалып, қанағат пен қайырымдылықтың, мейірімділік пен ізгіліктің риясыз үлгісін көрсетіп, көмекке мұқтаж жандардың бата-тілегін алып, алғысына бөленеді.
Бағзы заманнан бері Ислам дінін рухани тірегіне айналдырған халқымыз Құрбан айтты айрықша дайындықпен қарсы алады. Ұлық мейрамда ерекше ыждаһат һәм ықыласпен орындалатын құлшылықтар мен ізгі іс-шаралар ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, игі дәстүрге айналды.
«Құрбан» сөзі «жақын болу», «жақындау» деген ұғымды білдіреді. Бұл – шынайы ниет пен Аллаға деген сүйіспеншілікті паш ететін мейрам. Ұлық мерекенің тәрбиелік мәні мен мағынасы осында жатыр. Қасиетті Құранда: «Ұмытпаңдар, олардың еті де, қаны да ешқашан Аллаға жетпейді. Оған жететін нәрсе – жүректеріңізге ұялаған тақуалықтарың (шынайы ниеттерің)» («Хаж» сүресі, 37-аят), – делінген. Аятта айтылғандай, Құдай жолында жақсылық жасауға ниеттенген пенде бұл амалды риясыз оймен орындайды.
Материалдық мүмкіндігі бар, əрі жолаушы емес мұсылманға құрбандық шалу – уəжіп, мұсылмандық міндет. Ал шамасы келмеген адамға Алла Тағала мұндай міндет жүктемеген. Айт күндері аз да болса садақа беріп, қараусыз қалған қарттарға, жетімдер мен көпбалалы отбасыларға көңіл бөлу – сауапты іс.
Құрметті отандастар! Өкінішке қарай, әлемдегі және елдегі жағдайға байланысты Құрбан айтты өз дәрежесінде атап өтіп, жамағатпен құлшылық жасай алмаймыз. Алланың аманаты болған өміріміз бен денсаулығымызды сақтау – мұсылмандық міндетіміз. Алайда сауап іздеген адам үшін жақсылықтың есіктері қашан да ашық. Біз осы ретте құрбан шалу шараларын қашықтан жүзеге асыруды қолға алдық.
Құрбан айттың тарихына терең бойласақ, Алла Тағала Ибраһим пайғамбарға (оған Алланың сәлемі болсын) сынақ жібергеннен кейін оны сүйінші хабармен қуантқан. Бұл туралы Құранда баяндалған: «...Бұл нағыз ашық сынақ еді. Біз оның орнына үлкен құрбандық (Ұжымақ қошқарын) ауыстырдық. Біз оған соңғылар ішінде «Ибрахимге сәлем!» деген алғыс қалдырдық. Біз жақсыларды осылай сыйлаймыз. Өйткені ол иманды пенделерімізден еді» («Саффат» сүресі, 106-111-аяттар).
Аса Мейірімді, ерекше Кеңшілік Иесі Раббымыз осы сынақты тезірек жақсылыққа алмастырғай. Шалған құрбандық, берген садақа, жасаған әрбір игі амалдың сауабы еселеніп жазылғай.
Алла Тағала жер бетін жұқпалы дерттен тазартып, жақсылығы мен берекетін жаудырғай. Қауіпті індеттен қайтыс болғандарды мейіріміне бөлеп, науқас жандарға шипасын бергей. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай.
Мешіттеріміз ашылып, жамағатпен құлшылық жасайтын күнді жақын етіп, қалыпты өмір тіршілігіне қайта оралуды жазғай! Әмин!
Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ,
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти
Электронды билеттеу жүйесі: Үміт пен күдік
Аймақтар • Бүгін, 21:00
Берік Әлібай: Ұлттық дәстүрді сақтауға күш саламын
Өнер • Бүгін, 20:31
Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы
Қазақстан • Бүгін, 20:26
Толағайлар Ташкентте сайысқа түсті
Спорт • Бүгін, 20:23
«Бір терезе» ме, әлде, «Жүз терезе» ме?..
Қоғам • Бүгін, 20:20
Досмұхамед Кішібеков: Тарихын таныған ұрпақ Тәуелсіздіктің қадірін біледі
Тарих • Бүгін, 20:17
Теннис • Бүгін, 20:12
Руханият • Бүгін, 20:10
Медицина • Бүгін, 20:07
Әлем • Бүгін, 20:02
Атлах-Талас шайқасы: Ұлы жеңіске 1270 жыл
Тарих • Бүгін, 19:58
Спорт • Бүгін, 19:55
Қазақстанға агробанк қажет пе?
Қазақстан • Бүгін, 19:51
Нұрғожа Қайпанов еркін күрестен екі дүркін Азия чемпионы атанды
Күрес • Бүгін, 19:35
7 мамырға арналған мерекелік шаралар қалай өтеді
Қоғам • Бүгін, 19:15
Айтылды-орындалды: Жеті ЖОО жабылды
Президент • Бүгін, 18:31
Пандемия кезінде жаны күйзелгендер көбейген
Әлем • Бүгін, 17:55
Хоккейшілеріміз әлем чемпионатына даярлануда
Хоккей • Бүгін, 17:16
Қалжыңдаймын деп айыппұл төлейтін болды
Қоғам • Бүгін, 16:40
Алматылық жүзушілер алдарына жан салмады
Спорт • Бүгін, 16:15
Төрт боксшымыз ширек финалға шықты
Спорт • Бүгін, 16:00
Павлодарда жол-көлік оқиғасы кезінде екі бала зардап шекті
Аймақтар • Бүгін, 15:30
Атырау және Астрахан облыстарының шекарасында қоршаулар орнатылып жатыр
Қазақстан • Бүгін, 14:50
ҰҚК Атырау облысындағы акциялар туралы ақпаратты жоққа шығарды
Қазақстан • Бүгін, 14:15
Алматыда тәулігіне індет жұқтырғандар саны 700-ге жақындады
Аймақтар • Бүгін, 13:50
Маңғыстау облысында мектеп оқушылары қашықтан оқиды
Аймақтар • Бүгін, 13:18
Тазаланбаған аумақ үшін павлодарлық тұрғын жауапкершілікке тартылды
Аймақтар • Бүгін, 12:43
Өткен тәулікте коронавирус пневмониясынан 2 адам қайтыс болды
Қазақстан • Бүгін, 12:09
Әлішер Ерғали Азия чемпионатының күміс жүлдесіне ие болды
Күрес • Бүгін, 11:35
Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі биржа басқармасына төраға болып тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 11:00
Алматыдан 181 шақырым қашықтықта жер сілкінді
Қазақстан • Бүгін, 10:20
Елімізде өткен тәулікте 1806 адам коронавирустан жазылды
Коронавирус • Бүгін, 10:08
Өткен тәулікте 2828 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:45
Қасиетті айда қайырымдылық жасады
Аймақтар • Бүгін, 09:20
Талғат Сырбаз еркін күрестен Азия чемпионы атанды
Күрес • Кеше
ҰҚШҰ-ның бірлескен оқу-жаттығулары жөнінде келіссөздер жасалды
Қазақстан • Кеше
Екі күнде 15 жасөспірімнің түн кезіп жүргені анықталды
Аймақтар • Кеше
Ақмола облысында бас санитарлық дәрігер жаңа қаулы қабылдады
Аймақтар • Кеше
Оқиға • Кеше
Петропавлда тілсіз жау дер кезінде құрықталды
Аймақтар • Кеше
Қостанайда құрастырылатын автокөліктерге сұраныс артып келеді
Аймақтар • Кеше
Жамбыл облысында прокуратура қызметкері парамен ұсталды
Аймақтар • Кеше
Жер комиссиясының төртінші отырысы қорытындыланды
Қазақстан • Кеше
Болашақта есепші мамандығы болмайды – Еңбек министрлігі
Қазақстан • Кеше
А.Цой БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік кеңесінің отырысына қатысты
Қазақстан • Кеше
Әлем • Кеше
Алматыда бір тәулікте ауруханаларға 416 адам қабылданды
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Оралда партия филиалының есеп беру конференциясы өтеді
Аймақтар • Кеше
Бүгін еркін күрестен Азия чемпионаты басталады
Күрес • Кеше
Елімізде өткен тәулікте 2892 адам коронавирустан жазылды
Коронавирус • Кеше
Бір тәулікте 2822 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Петропавлда мейрамхана өртеніп, адамдар эвакуацияланды
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Азия чемпионаты: Әйелдер күресінен өткен жарыстың екінші күнінің нәтижесі
Спорт • 16 Сәуір, 2021
Қарағанды облысының аумағында әскери ұшақ құлады
Оқиға • 16 Сәуір, 2021
Алматыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссияның отырысы өтті
ANTIKOR • 16 Сәуір, 2021
Салымшылардың есепшотына 73 миллиард теңге қайтарылды
Экономика • 16 Сәуір, 2021
Тобыл қаласында облыстық «Жас тұлпар» оқушылар айтысы өтті
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Шу ауданында голландиялық картоп өсіріледі
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Жазғы сауықтыру лагерьлеріндегі гигиеналық талаптар
Қазақстан • 16 Сәуір, 2021
Ұқсас жаңалықтар