Тағайындау • 30 Шілде, 2020

Аллен Шәйжүнісов QazExpoCongress-тың басқарма төрағасы болып тағайындалды

680 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сауда және интеграция министрінің бұйрығымен Шәйжүнісов Аллен Сержанұлы "QazExpoCongress" ҰК" АҚ басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұған дейін осы лауазымды атқарған Е. Шорманов берген өтінішіне сәйкес қызметінен босатылды. Бұл туралы Премьер-Министрдің Баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайыды.

Аллен Шәйжүнісов QazExpoCongress-тың басқарма төрағасы болып тағайындалды

Аллен Шәйжүнісов 1981 жылы Шығыс Қазақстан облысында туған. Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын, Қазақ қаржы-экономика академиясын бітірген. 

Еңбек жолын 1998 жылы "Қазақстанкабель" ЖШС-ның Ресей Федерациясы бойынша менеджері болып бастады. 

1999-2003 жж. — "Қазақстандық кабельдік компаниясы" ЖШС-ның Ресей Федерациясындағы өкілдігінің менеджері.

2003-2006 жж. — РФ-дағы ҚР Елшілігінің үшінші хатшысы, атташе.

2006-2008 жж. — Маңғыстау облысы әкімінің аппараты жетекшісінің орынбасары.

Түрлі жылдары "Нұр Отан" ХДП Орталық аппараты Хатшылығында, "Самұрық-Қазына Контрак" ЖШС-ында, Қазақстан Республикасының велосипед спорты федерациясында, ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінде, "Қазақстан футбол федерациясы" ЗТБ-да, "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ-да басқарушылық қызметтерді атқарды.  

2020 жылдың қаңтар айынан бастап қазірге дейін "QazExpoCongress" ҰК" АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметінде болды.   

Соңғы жаңалықтар

Жылқы көбейсе – ел ырысы

Шаруашылық • Бүгін, 09:15

Жазатайым оқиға азаймай тұр

Мәселе • Бүгін, 09:00

Айтыс саңлағы

Руханият • Бүгін, 08:53

Өндіріс дамуының өзегі

Өндіріс • Бүгін, 08:43

Шығыны аз, шығымы мол

Аймақтар • Бүгін, 08:40