Аймақтар • 31 Шілде, 2020

Сапалы қызмет пен сауапты іс

189 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазір қауіпті індет кесірінен жақындарынан, ағайын-туыс­тардан айы­рылып қал­ған­дар қаншама... Осын­дай қиын-қыстау ке­зең­де қи­на­лып жүр­ген­дер­ге қол ұшын созып, жәр­дем беруден адам­ның адам­­шылығы мен мейір­бан­ды­лығы көрінеді.

Сапалы қызмет пен сауапты іс

Денсаулық қана емес, адам­шы­лығымыз бен қайы­рым­ды­лығымыз да сынға түсіп жат­қан кез. Осындай жағдайда Азамат­тар­ға арналған үкіметтің Алматы қаласы филиалының қыз­мет­кер­лері де бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, ұжымдық бірліктің үлгісін көрсетіп жүр. Мәселен, Алатау аудандық фронт-офис қызметкерлері кө­мек сұраған екі жастағы Мәдина Қы­дырбаеваның сырқатын шетел­де емдетуге ұжым болып қа­ра­жат жинап, көмек қолын созды. Ал оның ата-анасына әлеуметтік бас­пана алуға қа­жет­ті құжаттарын жинауға көмек­те­сіп, баспана кезегіне тұруға жәр­­демдесті.

Соны­мен қатар аудан тұр­ғы­ны Бақыт Алтын­бек­қы­зы­ның отбасы мүшелері түгел індетке шалдығып, ауруханаға түскенде, Алатау фронт-офисі мамандары көмекке келіп, дәрі-дәр­мегі мен қажетті заттарын алып берді.

Ал №2 мамандандырылған ХҚО басшысы Жұлдыз Абықа­но­ва, Наурызбай ауда­ны­ның басшысы Балауса Ұлдар­бе­ко­ва, Түрксіб ауданында Назгүл Жүнісова, Алмалы-2 бөлімінде Бағлан бастаған ХҚО еріктілері 50-ге жуық отбасына азық-түлік, тұрмыстық заттармен қайы­рымдылық көмек жасады. Ал Алмалы аудандық бөлімінің ма­маны, Қазақстанның құрметті до­норы Динара Тұрғалиқызы ке­­зекті рет донация жасап, талай жанның өміріне араша болды. Осылайша Алматы қала­сы Халыққа қызмет көрсету орта­лық­тарының қызметкерлері өз ден­саулықтарын қатерге тіге оты­­рып, қызмет алушыларға тез әрі сапалы қызмет көрсетумен қатар, қала тұрғындарын мо­раль­­дық және психологиялық тұр­ғы­дан қолдап, материалдық демеу де көр­сетіп жүр.

«Осындай сын сағаттарды елмен бірге болып, қиналғандарға жәрдем беру патриоттық қана емес, ғажап адами құн­ды­лықтар­дың озық үлгісі. Ауыз­бір­­ші­лігімізді сақтап, бір-бірі­мізге деген мейірімділік, қайы­рым­ды­лық сынды ізгі қасиет­тері­міз­ді жоғалтпасақ, қиын­дық­тың қан­дай­ына да қарсы тұра аларымыз сөзсіз», дейді «Азаматтарға арнал­ған үкімет» Алматы қаласы фи­­лиа­лының PR-менеджері Жаңыл Әпетова.

 

АЛМАТЫ