Полиция қызметкерлері, эпидемиологтар, еріктілер мен жергілікті атқарушы органдар өкілдерінен құралған мобильді топтары карантин тәртібін бұзушылықтарды анықтау жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Жалпы, 5 шілдеден бастап Нұр-Сұлтан қаласында 570 бұзушылық тіркелді. Оның 224-і маска тағу, әлеуметтік қашықтық сақтаудың міндетті талабын, 346-ы тыйым салынған уақытта қызметін жүзеге асырған кәсіпкерлік субъектілерінің карантин тәртібін бұзуымен байланысты. Бұзушылықтар бойынша материалдар тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне берілді. Рейд кезінде полиция ойын-сауық мекемелерін, қоғамдық тамақтану орындарын, сауналар мен моншаларды тексеріп, иелеріне қазіргі карантин шаралары туралы ескертеді.
"29 шілде, түнгі сағат 1-де аумақты тексеру барысында Момышұлы көшесіндегі бардың бас санитарлық дәрігермен бекітілген ережелерді бұза отырып жұмыс жасаған анықталды. Бар келушілерге алкогольдік ішімдіктерді өзімен бірге алып кету бойынша қызмет көрсеткен. Сол күні мобильді топ Қабанбай батыр көшесінің бойындағы кофехананың түнгі уақытта жұмыс жасағанын анықтады. Онда келушілерге кальян ұсынылған. Келушілерге ҚРӘҚБтК-тің 441-бабы бойынша жеті әкімшілік хаттама жасалды. Ал мекеме әкімшісіне қатысты жиналған материалдар әкімшілік іс қозғау үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жіберілді. Сонымен қатар Бөкейхан көшесіндегі компьютер клубының 29 жастағы иесі 30-дан астам келушіні қабылдаған. Виртуалды ойыншылар қашықтық сақтамай, санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды бұзған", - деді Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінде.
Карантин тәртібін бұзушыларға 30-дан 230 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынуы мүмкін. Нұр-Сұлтан полиция департаменті азаматтарға карантин тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертіп, санитария нормаларын сақтауға шақырады. Айта кетейік, полиция қызметкерлері мен еріктілер де карантин тәртібінің сақталуын пысықтады. Рейдтік шаралар "Шапағат" коммуналдық базарының маңында және "Ақжайық" саябағында өтті. Тұрғындар мен бизнес өкілдеріне міндетті түрде маска тағу, сонымен қатар әлеуметтік қашықтық сақтау туралы ескертілді.
Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • Кеше
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • Кеше
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • Кеше
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
Фотогалерея • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Кеше
Алматыда Терісбұлақ өзені кәріз суларынан тазартылды
Аймақтар • Кеше
Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ақмола облысында 3 мың адамға жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар
Медицина • Кеше
Қызылордада карантин талаптарын сақтамаған түнгі клуб анықталды
Аймақтар • Кеше
Атырауда полицияға 840 әйелден шағым түскен
Аймақтар • Кеше
Тарбағатай ауданында кен байыту комбинаты салынады
Аймақтар • Кеше
Грек-рим күресінен ел біріншілігі аяқталды
Күрес • Кеше
Илон Маск бір тәулікте біраз байлығынан айырылды
Әлем • Кеше
Жандарбек Бекшин алматылықтарға үндеу жолдады
Аймақтар • Кеше
Футзал: Беларуське қарсы ойнаймыз
Спорт • Кеше
Биыл 8 мың алматылықты баспанамен қамту жоспарлануда
Аймақтар • Кеше
Түркістанда «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы бастау алды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттегі медицина қызметкерлерінің еңбекақысы өсті
Аймақтар • Кеше
Қазақстандықтардың несиесі 7,6 трлн теңгеге жетті
Қаржы • Кеше
Түркістанда құдалық өткізгендер жауапқа тартылды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттен шалғай орналасқан ауруханаға КТ аппараты орнатылды
Аймақтар • Кеше
Алматыда қосымша жұмыс орындары ашылады
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Алматыда халықаралық форум өтті
Аймақтар • Кеше
Азаматтарға арналған үкімет өзінің кадрлар резервін жасақтайды
Аймақтар • Кеше
Мемлекеттік хатшы Жамбыл ескерткішіне гүл шоғын қойды
Фотогалерея • Кеше
Батыс Қазақстанда жол апатынан 4 адам қаза тапты
Аймақтар • Кеше
Екі қазақстандық дзюдошы әлемнің үздік ондығына енді
Спорт • Кеше
ШҚО ауыл шарушылығы бойынша алдыңғы қатарда
Аймақтар • Кеше
Экология вице-министрі жұмыс сапарымен Қызылорда облысында болды
Экология • Кеше
Сайын Мұратбетковтың әңгімелері ағылшын тіліне аударылды
Әдебиет • Кеше
Сенаторлар көлік қауіпсіздігі деңгейін төмен деп санайды
Парламент • Кеше
2020 жылы 13 мың этникалық қазақ көшіп келді
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар