Экономика • 31 Шілде, 2020

Әлсіреген рубль теңгеге қалай әсер етті?

1065 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

"Өтіп бара жатқан апта Ресей рублінің әлсірей бастағанымен есте қалғалы тұр. Біздің теңгеміздің де жайы мәз емес. 30 шілдеде Қазақстан қор биржасында (KASE) доллардың орташа бағамы 418 теңгені құрады. 27 шілдеде доллар 414,20 теңгеге сатылды. Осылайша, бір апта ішінде ұлттық валюта 3,8 теңгеге арзандады. Енді сарапшыларды "құнсыздана бастаған рубль  теңгеге қалай әсер етеді?" деген мәселе толғандыра бастады", деп хабарлайды Egemen.kz

Әлсіреген рубль теңгеге қалай әсер етті?

Себебі наурыз айынан бастап сыр бермей келе жатқан  Ресей рублі соңғы аптада  7,2 пайызға төмендеп, 68.23-тен 73.17 долларға дейін төмендей бастады.

Сарапшылар  Ресей валютасы, ең алдымен, Ресей Орталық банкінің базалық бағамының тағы бір төмендеуі аясында әлсірегенін айтады. 

Қаржыгер Ерлан Ибрагим бізбен әңгімесінде қатар, Ресейге қарсы жаңа санкциялар валютасына кері әсер еткенін айтады. Ресейде салық аптасы және шетелдік инвесторлардың ірі ресейлік компаниялардың дивидендтерді төлемдерін рубльге айырбастауы аяқталды. Қысқа мерзім ішінде жүргізілген  операциялар валюта бағамының динамикасына теріс әсер етуі мүмкін.  

Ресей – Қазақстанның негізгі сауда серіктестерінің бірі. Еуропалық Одақпен және Қытаймен өзара сауданың айтарлықтай көлеміне қарамастан, Ресейдің Қазақстанның жалпы импортындағы үлесі осы жылдың бірінші тоқсанында барлық импорттың 42%-ға дейін өсті. Теңге де рубльге қатысты әлсірегенін көріп отырмыз. Экономикалық тәуелділіктің болғанымен де, рубль теңге / доллар бағамындағы басым фактор емес екенін тағы да көріп отырмыз. 
Экономистердің пікірінше, рубльге әсер ететін факторлардың барлығы теңгеге тікелей әсер етпейді, тек рубль бағамы арқылы жанама түрде ғана әсер етеді.

"Біздің валюта бағамымыз ішкі және сыртқы факторлардың, соның ішінде мұнай бағасының өзгеруі мен жаһандық инвесторлардың тәуекелге тәуелділігінің негізінде қалыптасады. Қазақстан 9 пайыздық мөлшерлеменің жағымды құбылысты қалыптастырып отыр. Бұл инвестициялық жағымды климат үшін де дер кезінде қабылданған шешім. Теңге мен рубльдің қаржы құралдары арасындағы кеңейтілген бағамдық айырмашылық та тұрақтылыққа әсер етеді.  Қазақстан Ұлттық Банкі мен Ресейдің Орталық банкінің бағамы арасындағы айырмашылық қазірдің өзінде 5 пайызға дейін өсті.

Біздің  рубльге  тәуелділік деңгейіміз  абсолютті емес және теңге өте еркін валюта,  соңғы алты айда ол өзін-өзі қорғауға қабілетті екенін көрсетті. . Бұған экономиканы әртараптандыру бойынша мемлекеттік бағдарламалар мен бизнеске арналған арзан несиелер де әсер етті» деп сөзін түйіндеді Ерлан Ибрагим.