21 Қазан, 2013

Парагвай президентінің ұлы АҚШ-та қамауға алынды

273 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

21 10-Huan KartezЖексенбі күні Парагвай президентінің үлкен ұлы Хуан Пабло Картес АҚШ-тың Майами қаласында қамауға алынып, сол күні кешке босатылды. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.

Алдын ала болжам бойынша, 29 жасар жігіт айналасындағы адамдарға агрессиялық әрекет көрсеткені үшін қамауға алынған. Оны босату үшін кепілдік құны 1,5 мың доллар құраған.

Парагвай президентінің ұлы Майами қаласында білім алуда. Оның отбасы да болған жағдайға өз өкініштерін білдірді.

Айдар Өрісбаев.

Соңғы жаңалықтар