21 Қазан, 2013

Боливия қарулы күштеріне шабуыл жасалды

320 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

21 10-BoliviyaЗаңсыз кокаин плантациясын жоюға кіріскен Боливия мемлекетінің қарулы күштеріне жергілікті тұрғындар шабуыл жасады. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

Боливия ішкі істер министрі Карлос Ромероның айтуы бойынша, жергілікті тұрғындар полиция мен әскерилер жасағына тосыннан шабуыл жасаған. Шабуыл Боливия астанасының солтүстігіне қарай 15 шақырым жерде орналасқан Аполо елді мекенінде орын алды. Күштік құрылым қызметкерлерінің бірі алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапса, екіншісі ауруханада көз жұмды. Сондай-ақ шабуылдаушылар жиырма қызметкерді пышақпен жарақаттап, тағы сегізін тұтқынға алған.  

Министр оқиғаға қатысы күдікті он адамның ұсталғанын хабарлады. Сонымен бірге, ол шабуылға қатысқандардың қатаң жазаланатынын ескертті.

Айдар Өрісбаев.

Соңғы жаңалықтар