Руханият • 31 Шілде, 2020

"Зекет" қоры құрбандық етін ауруханаға жеткізді

307 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қызметінің басты төрт бағытының бірі қайырымдылық екені белгілі. Осыған орай ҚМДБ жанындағы "Зекет" корпоративтік қоры құрбан шалу рәсімін ұйымдастырып, етін таратуға кірісіп кетті, деп хабарлайды Egemen.kz

"Зекет" қоры құрбандық етін ауруханаға жеткізді

Нұр-Сұлтан қаласының Орталық клиникалық госпиталінде COVID-19 диагнозымен емделіп жатқан науқастар мен оларды емдеуші дәрігерлер еттен ауыз тиіп, шипа болсын деген ниетте 20 пакет және еріктілер арқылы медицина қызметкерлеріне 25 пакет табысталды. 

"Күллі мұсылмандар асыға күтетін Ұлық мереке Құрбан Айт та басталып кетті. Осындай мерекеде айналамыздағы адамдарға қуаныш сыйлауға асығу керек. Қасиетті Құрбан айт құтты болсын! Айттан айтқа аман-есен жетуімізді нәсіп етсін!", деді "Зекет" қорының директоры Талғат Омаров.