Аймақтар • 01 Тамыз, 2020

Солтүстікте "Үздік ауыл әкімі" анықталды

384 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

"Рухани Жаңғыру" бағдарламасы аясында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен қолға алынған "Үздік ауыл әкімі" республикалық байқауының I кезеңі Солтүстік Қазақстанда да аяқталды, - деп жазады Egemen.kz

Солтүстікте "Үздік ауыл әкімі" анықталды

Конкурстың мақсаты - ауылдық елді мекендерді дамытуға елеулі үлес қосатын, жұмыста жоғары тәжірибелік нәтижелерге қол жеткізген үздік ауыл әкімдерін анықтау және оларды көтермелеу болып табылады. Конкурсқа қатысуға 30 ауыл әкімі ниет білдірген еді, соның 23-і шарттарға сәйкес келді.

Мемлекеттік қызмет істері облыстық департаменті облыстың Әдеп жөніндегі уәкілімен бірлесіп сауалнама әзірлеп, үміткерлердің мемлекеттік қызметшілердің әдебін сақтауы бойынша қорытынды берілді. Сондай-ақ  әкімдердің халықпен кері байланыс орнату жөніндегі қызметі бағаланды, осы бағытта қол жеткізілген нәтижелер зерделенді. "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасы шеңберінде бағалау рәсімдерінің міндетті талаптарының бірі облыс әкімдігінің сайтында орналастырылған 16 критерий бойынша онлайн-дауыс беру түрінде өтіп, халықтың әкімдердің жұмысына қанағаттануы өлшем болды.

Сонымен қатар үміткерлер "Үздік ауыл әкімі" атағына неге мен лайықпын" тақырыбында эссе жазып, ауылдық округті дамытуға, ауылдық жердің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге бағытталған жобалық жұмыс дайындады.

2020 жылғы 29 шілдеде ең жоғары ұпай жинаған әкімдер үшін өңірлік конкурстық комиссиямен жеке онлайн әңгімелесу өткізілді, оның құрамына БАҚ, қоғамдық бірлестіктер өкілдері, мемлекеттік органдардың басшылары кірді. Тайынша ауданының "Зеленогай", Аққайың ауданының "Власовка", Қызылжар ауданының "Рощинск", Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның "Возвышен" және "Салқынкөл" селолық округтерінің әкімдері өз істерінің үздігі атағы үшін жарысты. Соның ішінде "Зеленогай" ауылдық округінің әкімі Гүлбаршын Батенованың кандидатурасы жеңімпаз болып танылды. Енді ол республикалық конкурсқа қатысады. Комиссия мүшелері оның эссесін, жазудағы креативті тәсілін, сондай-ақ жобалық жұмысын басқа қатысушылардың жұмыстарымен салыстырғанда үздік деп бағалады. Сонымен қатар, ол халықтың онлайн-дауыс беру нәтижелері бойынша да көшбасшы болып шығып, мүмкін болатын 10 балдың 9,88-ін иеленді.

 

Солтүстік Қазақстан облысы

Соңғы жаңалықтар