Жол желісін орташа жөндеу аясында Жиенқұлова көшесінде Алаш тас жолынан Сембинов көшесіне дейінгі учаскеде жол-құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
Осыған орай, 2-15 тамыз аралығында жол қозғалысын жартылай жабу жоспарланған. Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін маршрутын алдын-ала жоспарлауы керек.