22 Қазан, 2013

Жеңімпаз компания журналистермен жүздеспек

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Газетімізде бұдан бұрын хабарланғанындай, 16 қазан күні Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне дайындық және оны өткізу жөніндегі кеңесте Adriаn Smith+Gordon Gill Arhitecture компаниясы әзірлеген көрме кешенінің архитектуралық эскизі мақұлданған болатын.

Adriаn Smith+Gordon Gill Arhitecture компаниясы – әлемдегі жетекші архитектуралық компа­ниялардың бірі. Компания осы уақытқа дейін әлемдік кеңістіктегі белгілі жобаларды жүзеге асырып келеді. Солардың қатарында Дубайдағы (БАӘ) Бурдж Халифа кешені, әлемдегі ең биік ғимарат деп табылып отырған Жиддадағы (Сауд Арабиясы) Кингдом Тауер бар. Қазіргі күні бұл архитектуралық компанияның қоржынында қайта жаңғыртылатын энергия көзімен жұмыс істейтін және «жасыл» құрылыстар қатарындағы жаңа технологиялық жобалар көптеп саналады.

Жалпы, бұл жайындағы не­ғұр­лым толығырақ ақпараттарды ЭКСПО-2017 көрме кешені үз­дік эскиз-идеясын анықтауға ар­налған Халықаралық архитек­ту­ралық кон­курстың Астанада 22 қазан күні өтетін қорытынды баспасөз мәс­лихатында алуға болады. Бұл баспасөз мәслихатына «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Ер­мегияев, кон­курс­тың техникалық кеңесінің төра­ғасы Джереми Риф­кин, сон­дай-ақ Adriаn Smith+Gordon Gill Arhitecture ком­па­ниясының өкіл­дері қаты­сады деп күтілуде.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Соңғы жаңалықтар